spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-5.8 C
Kokshetau

COVID-19: Түркістан облысында 1300-ден астам медқызметкер екпе қабылдады

Сондай-ақ...оқыңыз

Түркістан облысында 1 300 астам медицина қызметкері коронавирусқа қарсы екпе қабылдады, деп хабарлайды «Aqmola News» COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК мәліметіне сілтеме жасап

Биылғы 1 ақпаннан бастап Қазақстанда халықты ерікті түрде кезең-кезеңмен КВИ-ге қарсы екпемен қамту науқаны басталған болатын. Екпе егу жұмыстары бірінші кезекте, коронавирустық инфекцияны жұқтыру және тарату қаупі жоғары халықтың осал топтарында жүргізілген.

«Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің 22 қызметкері қалалық емханада коронавирусқа қарсы «Спутник V» вакцинасын қабылдаған болатын.

Қазіргі таңда екпе алғандар мамандар жағдайлары бірқалыпты, ешқандай шағымдары жоқ. Вакцинаның екінші компонентін 25 наурыз күні қабылдайды», – делінген хабарламада.

Жалпы, Түркістан облысында 1 300 астам медицина қызметкері екпе қабылдаған. Наурыз айында КВИ-ға қарсы екпемен мұғалімдер мен күш құрылымдарының қызметкерлерін қамту жоспарланып отыр. Осыған орай, облысқа Гам-КОВИД-Вак («Спутник V») вакцинасының 8 600 дозасы жеткізілген.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img