spot_img
Бейсенбі, Мамыр 2, 2024
9.2 C
Kokshetau

Ақмола облысында «Көктем – 2021» оқу-жаттығуы басталды

Сондай-ақ...оқыңыз

Бүгін Ақмола облысында «Көктем-2021» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығулары басталды. Оған Төтенше жағдайлар департаментінің аумақтық бөлімшелері мен облыстық азаматтық қорғау қызметтерінің, ҚР Ұлттық ұланының 5510 әскери бөлімі бастықтары және БАҚ өкілдері қатысты,-деп хабарлайды «Aqmola News»ақпарат агенттігі ішкі саясат басқармасына сілтеме жасап.

Тактикалық оқу-жаттығулары азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің және халықтың көктемгі кезеңде төтенше жағдайларды жоюға әзірлігі мен қабілетін арттыру мақсатында жүргізіледі.

Осындай оқу-жаттығулар жыл сайын республиканың барлық облыстарында өтеді. Жұмыстарды пысықтау мақсатында облыстың барлық қалалары мен аудандарында жедел штабтар құрылды.

Құтқарушылар төтенше жағдайлар кезінде барлық санитарлық-эпидемиологиялық және карантиндік нормаларды сақтай отырып, екі күн қатарынан режимдік уақытта әрекет ету алгоритмдерін пысықтайтын болады.

Облыстық оқу-жаттығуды өткізу орны Атбасар және Целиноград аудандары мен Көкшетау қаласы болып айқындалды.

Жаттығуға азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің басқару органдары, облыстық, қалалық және аудандық шұғыл ден қою жасақтары, авариялық-құтқару қызметтерінің құрамалары, ҚР ҰҰ 5510 әскери бөлімі және халықтың тіршілігін қамтамасыз етудің барлық объектілері тартылды.

Өткен жылдың көктемінде Департамент бөлімшелері полиция департаментімен, қалалар мен аудандардың әкімдіктерімен, жол қызметтерімен бірлесіп жолдарда 1000-нан астам авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізді.

 

 

 

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Марат Ахметжанов: «ЕЛ БІРЛІГІ- ТАСҚЫНДЫ ЖЕҢДІ!»

Жазушы-драматург, қоғам және мемлекет қайраткері, Сенаторлар кеңесінің мүшесі Жабал Ерғалиевтің Фейсбук парақшасынан алынды. Қасым-Жомарт Тоқаев: «Халқымыз өте ауыр сынаққа тап болды. Қазақстан...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img