spot_img
Бейсенбі, Мамыр 2, 2024
9.2 C
Kokshetau

Ақмола облысының 8 оқушысы халықаралық байқауда топ жарды

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысында облыстық байқауда топ жарған 8 оқушы республикалық ғылыми жобалар байқауында да жоғары нәтижеге қол жеткізді,-деп хабарлайды «Aqmola News»ақпарат агенттігі.

2020 жылғы 1-3 наурыз аралығында «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық унивеситетімен бірлесіп математика және механика бойынша Ө. Жолдасбеков атындағы зерттеу жобаларының ХІ Халықаралық байқауын өткізді.

Шара белгілі ғалым Ө.А. Жолдасбековтың  90 жылдық мерейтойы аясында өткізілді.

Еліміздегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты конкурс онлайн форматында өтті.

Байқауға Франция, Индонезия, Түркия, Тәжікстан, Қырғыстан мемлекеттерінен және Қазақстанның барлық өңірлерінен 200-ден астам бала қатысты.  Негізгі мақсат – мектептегі математикалық білімді дамытуға барынша ықпал тигізу, оқушылардың зерттеу қызметтерін ұйымдастыру және инфрақұрылым жүйесін жетілдіру.

Қатысушылар математика, қолданбалы математика, экономика, механика секциялары бойынша өз жобаларын қорғады.


Байқау қорытындысы нәтижесінде Ақмола облысының келесі қатысушылары:
Күміс медальмен Бокшан Иван – Бұланды ауданы, Новобратский орта мектебінің 11 сынып оқушысы (жетекшісі Саратова Екатерина Анатольевна),
Қола медальдармен – 3 қатысушы, Черненкова Мария – Бұланды ауданы, Макинск қаласы №3 орта мектебінің 10 сынып оқушысы (жетекшісі Черненкова Анна Владимировна),

Нурпанова Риза – Бурабай ауданы, Щучье қаласы №1 мектеп-гимназиясының 11 сынып оқушысы (жетекшісі Мусаипова Алия Каиркеновна),

Давлетов Амир – Бурабай ауданы, С.Сейфуллин атындағы орта мектебінің 9 сынып оқушысы (жетекшілері Шлейнингер Эльвира Владимировна, Сафонова Юлия Петровна) марапатталды.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Марат Ахметжанов: «ЕЛ БІРЛІГІ- ТАСҚЫНДЫ ЖЕҢДІ!»

Жазушы-драматург, қоғам және мемлекет қайраткері, Сенаторлар кеңесінің мүшесі Жабал Ерғалиевтің Фейсбук парақшасынан алынды. Қасым-Жомарт Тоқаев: «Халқымыз өте ауыр сынаққа тап болды. Қазақстан...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img