spot_img
Бейсенбі, Тамыз 28, 2025
24.2 C
Kokshetau

Ақмолада 16 жасар қыз үйінен қашып кетті

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысының Бурабай ауданында 16 жастағы қыз отбасылық жанжалдан кейін үйінен қашып кетіп қайтып оралмаған, – деп хабарлайды «Aqmola news» ақпарат агенттігі облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға осы жылдың 20 наурызында Бурабай ауданының орталығы Щучинск қаласында болған. Алғашында өздері іздеп табуға тырысқан ата-ана ұшты-күйлі жоғалған қыздарын таба алмайды. Қызынан көз жазып қалған 50 жастағы үй иесі полицияға арыз беріпті.

Полиция қызметкерлері арнайы топ құрып іздеу жұмыстарына кіріседі. Түні бойы қыздың барлық тамыр-танысының үйлерін аралайды. Келесі күні таңертең қыздың бір танысының үйінен табылғаны анықталды, – деді полицияның баспасөз қызметінен.

Абырой болғанда қызға қарсы ешқандай зорлық-зомбылық жасалмағаны белгілі болды. Полицейлер жоғалған қызды үйіне қайтарып, онымен және ата-анасымен профилактикалық мақсатта әңгімелесті. Полиция мұндай жағдайларды болдырмау үшін ата-аналарды балалар мен жасөспірімдердің ортасы мен достарының кімдер екенін біліп, балаларының мінез-құлқындағы өзгерістерге мұқият көңіл бөлу қажеттігін ескертті.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Президенттің 2024 жылғы Жолдауы: «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы 10,4 млн-нан астам адамды игілікке ұйыстырды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен елімізде «Таза Қазақстан» ауқымды республикалық экологиялық акциясы өтуде. Бұл бастаманың мақсаты – еліміздегі экологиялық...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика