spot_img
Сенбі, Мамыр 25, 2024
10.2 C
Kokshetau

Ақмолада 16 жасар қыз үйінен қашып кетті

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысының Бурабай ауданында 16 жастағы қыз отбасылық жанжалдан кейін үйінен қашып кетіп қайтып оралмаған, – деп хабарлайды «Aqmola news» ақпарат агенттігі облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға осы жылдың 20 наурызында Бурабай ауданының орталығы Щучинск қаласында болған. Алғашында өздері іздеп табуға тырысқан ата-ана ұшты-күйлі жоғалған қыздарын таба алмайды. Қызынан көз жазып қалған 50 жастағы үй иесі полицияға арыз беріпті.

Полиция қызметкерлері арнайы топ құрып іздеу жұмыстарына кіріседі. Түні бойы қыздың барлық тамыр-танысының үйлерін аралайды. Келесі күні таңертең қыздың бір танысының үйінен табылғаны анықталды, – деді полицияның баспасөз қызметінен.

Абырой болғанда қызға қарсы ешқандай зорлық-зомбылық жасалмағаны белгілі болды. Полицейлер жоғалған қызды үйіне қайтарып, онымен және ата-анасымен профилактикалық мақсатта әңгімелесті. Полиция мұндай жағдайларды болдырмау үшін ата-аналарды балалар мен жасөспірімдердің ортасы мен достарының кімдер екенін біліп, балаларының мінез-құлқындағы өзгерістерге мұқият көңіл бөлу қажеттігін ескертті.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмолалық мектептерде бірыңғай сынып сағаты өтті

2024 жылдың 24 мамыр күні еліміздің барлық мектептерінде 2023-2024 оқу жылының аяқталуына арналған «Білімім - Отаныма» Бірыңғай сынып сағаты...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img