spot_img
Сәрсенбі, Сәуір 9, 2025
8.4 C
Kokshetau

Екібастұзда кісі қолынан қаза тапқан ер адамның кім екені белгілі болды

Сондай-ақ...оқыңыз

Павлодар облысы Екібастұз қаласында тұрғынүй ауласында кісі қолынан қаза тапқан ер адамды әріптестері өз міндеттерін адал атқарған қызметкер болғанын айтты.

Марқұм Жанат Мақсұтов «Северные МЭС» АҚ KEGOK филиалында 4 разрядты жоғары вольтты желілерді жөндеу жөніндегі электр монтері болып жұмыс істеген.

Әріптестері оның бұл кәсіпорында ашылған күнінен бастап қызмет ететінін айтты. Ол жоғары вольтты желілерде жұмыс істеу кезінде қолданылатын арнайы техниканың қыр-сырын жетік меңгерген екен.

Әріптестерінің айтуынша, ол әрдайым өз міндеттерін өте адал атқарған. Кез келген уақытта жөндеу профилактикалық және авариялық-қалпына келтіру жұмыстарына қатысу үшін қызмет орнына баруға дайын болған.

Жұмысына сіңірген еңбегі үшін ол энергетик күніне орай Екібастұз әкімінің және компания филиалының құрмет грамоталарымен, сондай-ақ компанияның жиырма жылдығына арналған мерейтой медалімен марапатталған.

– Ол небәрі 60 жаста еді. Мейірімді, ұқыпты,  қарапайым, сабырлы, жанашыр еді. Қиын кездерде әрқашан жолдастарының жанынан табылатын, – деді әріптестері.

Марқұм Жанат Мақсұтов екі қыз бен бір ұл тәрбиелеп отыр еді.

Еске салсақ, бүгін Екібастұз қаласында белгісіз біреу тұрғынүй ауласында жұрт көзінше ер адамды атып өлтіргені хабарланған.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Көкшетауда 70-тен астам студент «Хабардар бол!» акциясын қолдады.

Дүниежүзілік денсаулық күнінде Ақмола облыстық АИТВ-ның алдын алу орталығының мамандары Көкшетау қаласында «Арна» жоғары колледжінің студенттерімен «Хабардар бол!» ұранымен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img