spot_img
Бейсенбі, Мамыр 9, 2024
16.4 C
Kokshetau

Аймақта жыл басынан бері карантин талаптарын бірнеше рет бұзған нысандар бар-Айнагүл Мусина

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысында карантин талаптарының сақталуы мониторинг топтарының тұрақты бақылауында. Бұл туралы облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Айнагүл Мусина айтты.

Депаратамент басшысының айтуынша, жыл басынан бері мониторингтік топ карантин режимін сақтау бойынша түрлі меншік нысандарындағы 6951 нысанды тексерді. Нәтижесінде 199 нысанда карантиндік талаптардың бұзылғандығы анықталды.

Атап айтқанда, қоғамдық тамақтану объектілерінде тыйым салынғанына қарамастан, маска режимінің сақтамалғаны, шектеулі уақыттан кейін кейбір караоке, дәмхана-барлардың жұмыс істегені анықталды. Үйде ұйымдастырылған көпшілік шаралар да тиылар емес. Жыл басынан бері қыз ұзату, үйлену тойы, тұсаукесер сияқты көпшілік шараларды өткізудің 9 жағдайы тіркелді.

«Анықталған заң бұзушылықтар бойынша жалпы соммасы 26 миллион 788 мың 475 теңге болатын, 239 әкімшілік айыппұл салынды», – деді Айнагүл Мусина.

Ведомство басшысы атап өткендей, демалыс күндері (20-21 ақпан аралығында) мониторингтік топтар 68 рейдтік тексеру жүргізді, мониторингпен 314 нысан қамтылды, 7 объектіде заң бұзушылықтар анықталды.

Оның ішінде Атбасар ауданында («К.М.Күлиев» ЖК-нің «Бурабай» дәмханасы), Бурабай ауданында («Көкшебель» қонақ үйі, Бурабай кенті), Целиноград ауданында («Пиффков» бары, Қосшы ауылындағы «Жанель» және «Шарм» сұлулық салондары, Талапкер ауылындағы «Әдемі» шаштаразы) және Көкшетау қаласында («Руки из плеч» ЖШС «JJT» бары) бар.

Ал 2021 жылдың басынан бері карантин режимін бірнеше рет бұзған екі мекеме анықталды.

Бұлар Көкшетау қаласындағы «Руки из плечи» ЖШС-нің «JJT» бары және Атбасар ауданы «К.М.Күлиев» ЖК-нің «Бурабай» дәмханасы.

«Руки из плечи» ЖШС-нің «JJT» барының қызметін тоқтату туралы материалдар әкімшілік сотқа жіберілсе, «К.М.Күлиев» ЖК-нің «Бурабай» дәмханасы бойынша материалдар қаралып жатыр», – деп толықтырды Айнагүл Мусина.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмолалықтар отан қорғаушыларына алғыс білдіруде

Отан қорғаушылар күні қарсаңында біздің жүрегіміз мақтаныш пен Еліміз үшін күрескендер үшін алғысқа толы! ҚХП Ақмола облыстық филиалы төрағасының...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img