spot_img
Дүйсенбі, Қараша 24, 2025
4.2 C
Kokshetau

Ақмола облысында ел тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында ерекше спорттық шара бастау алды

Сондай-ақ...оқыңыз

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында Ақмола облысында бұқаралық спортты дәріптеуге және халық арасында салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған «Орнықты 30 қадам» акциясы басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ішкі саясат басқармасына сілтеме жасап.

Ерекше акцияны дене шынықтыру және спорт басқармасы жанындағы Жоғары спорт шеберлігі мектебі өткізеді.

«Байқау ережелеріне сәйкес, қатысушылар облыс орталығының көшелерімен кез келген қашықтықты жаяу жүргіншінің қозғалысын тіркейтін қосымшада «30» саны болатындай етіп жүгіруі қажет», – деп атап өтті ведомстводан.

Іс-шара ақпан айының соңына дейін өткізіледі. Барлық қатысушылар жеңіл атлетикалық манежге бару үшін абонементтер алады.

Еске сала кетейік, ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойын мерекелеу жоспары тақырыптық бөлімшеге айлар бойынша бөлінген, онда ақпан айы спорттық ай болып белгіленген. Мерекелік іс-шаралар жоспары «Құлагер» ұлттық және халықтық спорт түрлері бойынша түрлі спорттық шараларды, облыстық олимпиадалар мен Жастар бастамаларын өткізуді қамтиды.

Жалпы, облыстық іс-шаралар жоспары аясында өңірде 5 000-нан астам іс-шара, оның ішінде 53 нысанды, яғни әлеуметтік сала мен өнеркәсіптік кәсіпорындарды ашу және пайдалануға беру жоспарлануда.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Қазақ  халқының дәстүрлі  киімдері

Қазақтың ұлттық киімі – ұлтымыздың айнасы. Халқымыз ерте заманнан түрлі әсем киім үлгілерін жасап, киіп келген. Осы киімдердің эстетикалық,этно-мәдени,...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика