spot_img
Бейсенбі, Қараша 20, 2025
3.8 C
Kokshetau

Ақмолалық полицейлер 11 мыңға жуық автокөліктерді тексерді

Сондай-ақ...оқыңыз

Елордада және Алматы қалаларында карантин енгізілуіне байланысты ақмолалық полиция қызметкерлері Нұр-Сұлтан қаласы маңындағы блок-бекеттерде 10 800 автокөліктерді тексерді, – деп хабарлайды «Aqmola news» ақпарат агенттігі Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Осы жылдың 19 наурызында ішкі істер министрінің тапсырмасымен Нұр-Сұлтан қаласынан 30 шақырым аумағында барлық бағыттарға жедел блок-бекеттер қойып, автокөліктердің карантин аймағына кіруін және шығуын шектеу міндеті қойылған. Қабылданған шаралар азаматардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, пандемиялық вирустың елдің өзге аймақтарына таралуына жол бермеуін қамтамасыз етуге бағытталған.

4 күнде полиция қызметкерлерімен 10841 авткөліктер тексерілді. Жүргізілген шаралар нәтижесінде 980 автокөліктердің Елордаға кіруіне тыйым салынды, – деді баспасөз қызметінен. Азаматар аталған шараларға түсіністікпен қарап, тәртіп сақшыларына кедергі келтірмегенін атап өткен жөн.

Естеріңізге сала кетсек, осы жылдың 22 наурызынан бастап Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларына кіру және шығуды толығымен шектеу енгізілген болатын.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмола облысында да қаржылық пирамидалардың құрбандары жыл сайын артып келеді

Мұндай алаяқтық схемалар азаматтардың сенімін пайдаланып, жылдам табысқа құмарлығын, экономикалық қысымды қолданады. Бұл туралы сұхбат барысында Ақмола облысы бойынша...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика