Мектеп оқушылары 6 сәуірден бастап қашықтан оқуға көшіріледі. Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев мәлімдеді, – деп хабарлайды «Aqmola news» ақпарат агенттігі.
Қазіргі уақытта еліміздің білім және ғылым министрлігі қашықтан оқыту тетіктері мен оны жүзеге асыру жолдарын жасауда. Жақын уақытта ата-аналар барлық қажетті ақпаратты алатын болады, – деді Дәурен Абаев.
Оның айтуынша «Балапан» және «Ел арна» отандық телеарналарда мектеп оқушыларына арналған қосымша бейнесабақтар жүргізілетін болады. Бірақ бұл негізгі емес қосымша шаралар. Бұл сабақтарды білім және ғылым министрлігі әзірлейтін болады, – деді министр.