spot_img
Жексенбі, Тамыз 16, 2026
18.3 C
Kokshetau

COVID-19 қарсы жұмыстарға рейд жүргізілді

Сондай-ақ...оқыңыз

Шортанды ауданының аумағында жоспарға сәйкес күшейтілген санитарлық-профилактикалық және эпидемияға қарсы шаралар жүзеге асырылуда,-деп хабарлайды Aqmola News.

Аудандық штаб адамдар көп жиналатын орындарға шығып, бақылау жүргізуде.

Қоғамдық орындарда, мекемелерде санитарлық-эпидемияға қарсы іс-шараларды тұрақты жүргізу ұйымдастырылды. Адамдар көп жиналатын нысандар күнделікті дезинфекцияланады. Дүкендерде және дәріханаларда тауарлардың тапшылығы анықталған жоқ. Медициналық маскаларды тігу бойынша жұмыстарда белсенділік байқалады.

Аудандық штаб өкілдері аудан  тұрғындарын аулаларда, үйлерде тазалық сақтап, әсіресе кіреберістер мен тұтқаларды микробтардан арылтып, күнделікті санитарлық тазалау жүргізуге шақырады.

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Құрылтай – елдік ой мен қоғамдық жауапкершіліктің жаңа белесі

Қазақ халқының тарихи жадында «Құрылтай» ұғымының орны айрықша. Ежелгі дәуірлерден бастау алатын бұл атау ел тағдырына қатысты маңызды мәселелерді...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика