spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-12.8 C
Kokshetau

Ақмолалық ауруханаға карантинге жатудан бас тартты

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмолада полиция қызметі Көкшетау қаласы тұрғынының карантинге ауруханаға жатудан бас тартуына байланысты қылмыстық іс қозғады, – деп хабарлайды «Aqmola news» ақпарат агенттігі Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тәртіп сақшыларының мәліметіне қарағанда осы жылдың 19 наурызында «Минск-Нұр-Сұлтан» бағытындағы әуе рейсімен Нұр-Сұлтан қаласына келген 71 жастағы зейнеткер Елордада карантинге жатудан бас тартып үйіне Көкшетауға келген.

Медициналық тексеріс өткізу үшін барған санитарлық эпидемиологиялық станция және жедел жәрдем қызметкерлеріне зейнеткер есік ашпаған.

Аталған факт туралы дәрігерлер дереу Көкшетау қаласының полиция басқармасына және басқа да құзыретті органдарға хабарлаған. Төтенше жағдай қызметкерлері тұрғын үйдің есігін бұзып кіріп, зейнеткер мәжбүрлі түрде карантинге  емдеу мекемесіне жатқызылды. Одан қажетті талдаулар алынып, зерттеу мақсатында вирустық зертханаға зерттеуге жолданды, – деді полицияның баспасөз қызметінен.

Полиция қызметі санитарлық ережелердің және гигиеналық нормативтердің  бұзылуына байланысты сотқа дейінгі қылмыстық іс қозғады.

Тәртіп сақшылары елдегі төтенше жағдайлар кезінде халықтың денсаулығына қауіп төндірген және шарттарды орындамаған азаматтар қылмыстық жауапкершілікке тартуға дейін тиісті шаралар қолданылатынын ескертті.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img