spot_img
Сенбі, Мамыр 4, 2024
16.2 C
Kokshetau

Ақмолалық еріктілер есепте тұрған науқастарға дәрі-дәрмектер жеткізуде

Сондай-ақ...оқыңыз

Денсаулығы сыр беріп дәрігерлік есепте тұрған адамдар түрлі ауруларға алдымен шалдығатыны анық. Өңірдегі індеттің таралуының алдын алуды көздеген ақмолалық бір топ еріктілер медициналық мекемелерде түрлі сырқатпен есепте тұрған жандарға дәрі-дәрмек тасымалдауда, – деп хабарлайды «Aqmola news» ақпарат агенттігі Ақмола облысының жастар ресурстық орталығының әлеуметтік желідегі парақшасына сілтеме жасап.

         Еріктілер екі күн ішінде отыздан астам үйлерге барып, медициналық тіркеуде тұрған адамдарға дәрі-дәрмектерін жеткізіп берген.

Дәрігерлерге және жалпы қоғамға қолдан келгенше қолдау көрсетуге тырысқан еріктілер елімізде таралып жатқан коронавирус инфекциясының алдын алу мақсатын көздепті. «Біз біргеміз!» акциясы аясында қайырымдылық акциясын ұйымдастырған ақмолалық еріктілер игілікті істерінің қоғам тарапынан қолдау табатынына сенімді.  

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмола облысы Целиноград ауданының тұрғындары электр энергиясының алыуында үнемдейді

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті елорда маңындағы Қосшы қаласы, Тайтөбе ауылы,...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img