spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-12.8 C
Kokshetau

2050 жылы электр энергиясының жартысы баламалы жолмен өндіріледі – Үкімет

Сондай-ақ...оқыңыз

Қазақстанда жаңартылатын көздерден электр энергиясын өндіру көлемі өсті. Бұл туралы Премьер-министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында белгілі болды. Жаңартылатын энергия көздерін дамыту мәселелері қаралды, деп хабарлайды «Aqmola News»

Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев, «KEGOC» электр желілерін басқару жөніндегі қазақстандық компания» АҚ басқарма төрағасы Бақытжан Қажиев, Алматы облысының әкімі Амандық Баталов, Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев, Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек баяндама жасады.

«Елдегі экологиялық жағдайды жақсарту – Президент қойған басым міндеттердің бірі. Экология мен қоршаған ортаны жақсарту құралдарының бірі – жаңартылатын энергия көздері. Осы саланы дамыту бойынша жүйелі жұмыс жүргізу қажет», – деді премьер.

2020 жылы Қазақстанда қуаттылығы 583 МВт болатын 25 ЖЭК нысаны, 10 жел, 1 гидро және 12 күн электр станциялары пайдалануға берілді. Жаңартылатын көздерден электр энергиясын өндіру 2019 жылмен салыстырғанда 74%-ға немесе 3,24 млрд кВтс-қа дейін (елде өндірілетін энергияның жалпы көлемінің 3%-ы) өсті. Биыл 381 МВт-қа 23 жоба іске асырылады – 13 ЖЭС, 5 ГЭС және 5 СЭС.

«Жасыл экономикаға» көшу бойынша ҚР-да іске асырылып жатқан тұжырымдамаға сәйкес, 2050 жылға қарай өндірілетін электр энергиясының жартысы баламалы энергетикадан болады. Бұл Қазақстан Республикасының төмен көміртекті және климаттық орнықты даму жөніндегі Париж келісімі шеңберіндегі міндеттемелерін орындауға, сондай-ақ жаһандық трендтерге сәйкес «жасыл энергетиканы» дамытуға мүмкіндік береді.

Қазақстанның бірыңғай энергия жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін Үкімет басшысы Энергетика министрлігіне Экология министрлігімен және «KEGOC» АҚ-мен бірлесіп, электр энергиясының маневрлік генерациясын дамыту жөнінде ұсыныстар енгізуді, сондай-ақ ЖЭК жинақтауыштарын енгізу жөніндегі мәселелерді пысықтауды тапсырды.

Энергетика министрлігіне әкімдіктермен бірлесіп ЖЭК өңірлік аймақтарын құру мәселелерін пысықтау тапсырылды.

«Газ электр станцияларын іске қосу ЖЭК қосымша көлемін интеграциялау бойынша энергия жүйесінің мүмкіндігін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Осыған байланысты Энергетика министрлігіне «KEGOC» АҚ-мен бірлесіп, 2022 жылдан бастап теңгерімдеуші нарықты нақты уақыт режимінде іске асыру бойынша жұмыс жүргізуді тапсырамын», – деді Асқар Мамин.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img