spot_img
Сенбі, Мамыр 30, 2026
14.7 C
Kokshetau

Дубайдан келген 4 жолаушыдан коронавирус анықталды

Сондай-ақ...оқыңыз

8 ақпанда Қазақстан аумағына Мальдив, БАӘ, Түркия, РФ, Беларусь және Қырғызстан елдерінен 9 халықаралық әуе рейсімен 1 252 жолаушы келді. Олардың ішінде 1060 адамда теріс нәтижесі көрсетілген ПТР-анықтамасы болса, қалған 192 жолаушыда тиісті анықтама болмаған. Бұл туралы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің баспасөз қызметі хабарлайды.

  • Алматы әуежайына – 5 рейс (800 жолаушы, анықтамамен – 626, анықтамасыз – 174);
  • Нұр-Сұлтан әуежайына – 2 рейс (310 жолаушы, анықтамамен – 295; анықтамасыз – 15);
  • Ақтау әуежайына – 1 рейс (135 жолаушы, анықтамамен – 132; анықтамасыз – 3);
  • Қарағанды әуежайына – 1 рейс (барлық 7 жолаушы анықтамамен келген).

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жері бойынша ПТР-тестілеуден өтіп, карантиндік стационарларда нәтижесін күтуде.

Сондай-ақ 7 ақпанда Қазақстанға ПТР-анықтамасыз келген 4 жолаушыдан коронавирус анықталды. Олардың бәрі Нұр-Сұлтан әуежайына Дубай қаласынан ұшып келген.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Көкшетау полицейлері қала тұрғындарына қоқыс тастау мен қоғамдық орындарда ішімдік ішу үшін жауапкершілік барын ескертті

Көкшетау қаласындағы Жедел басқару орталығының бейнебақылау камералары күн сайын қоғамдық тәртіпті бұзу деректерін тіркеп отыр. Әсіресе рұқсат етілмеген орындарға...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика