spot_img
Жұма, Маусым 6, 2025
23.2 C
Kokshetau

Көкшетауда 90 отбасы тұратын апатты үйдің тағдыры шешілді

Сондай-ақ...оқыңыз

Естеріңізде болса Вернадский көшесі 11 үйдің апатты жағдайы мен тұрғындардың билікке назы жайлы өткен материалдарда жазған едік. Билік соңғы шешімін қабылдады. Тұрғын үй расында да апатты деп танылып, тұрғындарға қала әкімінің бұрынғы орынбасары Сағындық Шабаров айтқандай  жалдамалы пәтерлер емес, жекеменшігіне қазіргі пәтерлерінің аумағындай баспанға берілмек, – деп хабарлайды «Aqmola news» ақпарат агенттігі «Kokshetau Asia» ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Қоғам арасында үлкен наразылық тудырған апатты үйдің тағдыры ақыры оң шешімін тапты. Қала билігі тұрғындардың жанайқайын естіп, аталған үйдің, тұрғындарының меншігіне баспана берілетінін растады.

  • Төтенше жағдайлар бойынша үй апатты деп танылған. Қазіргі сәтте әділет органдары барлық жасалған шаралардың заңдылығын тексеретін болады. Біз өз кезегінде тұрғындарды көшіріп, тізімдерді құрып, кімнің пәтері қанша көлемде екенін анықтайтын боламыз. Ол үшін уақыт қажет, – деді қала әкімі Амангелді Смайылов.

Ал тұрғындар әлі де болса биліктің өздерінің көрген азабына назар аударып, апатты үйдің үрейінен ақыры арылғандарына сенер-сенбесін білмей дал. Дегенмен, тоқсан үйлі тұрғындардың ащы зары шешімін тауып, даулы мәселенің соңғы нүктесі қойылды. Енді тұрғын үй иелері жалдамалы емес өз меншігіне берілетін үйге қоныс аудармақ.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Бурабай ауданында 1-ші тоқсанда бюджет кірісі 23 млрд теңгеден асты

Бурабай ауданында 2025 жылдың алғашқы бес айындағы ауданның негізгі даму бағыттары туралы баяндалды. Аудан әкімі өнеркәсіп, агросектор, туризм және...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика