spot_img
Сенбі, Мамыр 4, 2024
8.7 C
Kokshetau

Ақмола облысындағы 69 жедел-жәрдем бригадасы алғашқы медициналық көмек көрсетуге дайын

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысындағы 1 облыстық, 18 аудандық қосалғы медициналық көмек станциялары мен 19 жедел жәрдем бөлімшелері тұрғындарға кез-келген уақытта көмек көрсетуге дайын. Жедел жәрдем станциялары арнайы құрал жабдықтармен қамтамасыз етілген,-деп хабарлайды Aqmola News ақпарат агенттігі.

Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше облыстағы 69 бригада халі нашарлаған тұрғындарға алғашқы көмек көрсетуге ниетті.

Көкшетау қаласында 15 жедел-жәрдем бригадасы күндіз-түні науқастың жағдайына орай қызмет етуге сақадай сай тұр.

Соңғы тәуліктегі мәліметтерге сәйкес облыс бойынша 649 тұлға жедел жәрдем қызметіне жүгінген. Жедел жәрдем бридалары 591 рет шұғыл медициналық көмек көрсетуге аттанған.

  • Біз кез-келген жағдайға әзірміз.  Жұмысты атқарудың алгоритмдері әзірленді. Облыстың өңірлік штабы өз жұмысын бұрынғысынша жалғастыруда. Мысалы, әрбір келіп түскен телефон қоңырауы жеке талданады. Барлық медициналық мекемелермен өзара әріптестік орнатылды. Бұл облыс аумағында індет анықталса, жылдам әрекет етуге мүмкіндік береді,- дейді облыстық жедел жәрдем станциясының бас дәрігері Александр Высоцкий.

Станция қызметкерлері коронавирус инфекциясына қарсы әрекет етуде. Күдікті дерек орын алса, облыс орталығындағы вирусты анықтау лабораториясы іске кіріседі. Дәрігерлер қалыпты гигиеналық сақтық шараларды сақтау барша қазақстандықтардың азаматтық парызы екенін айтуда.

Өңірде вирус инфекциясын жұқтыру фактісі тіркелген жоқ.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмола облысы Целиноград ауданының тұрғындары электр энергиясының алыуында үнемдейді

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті елорда маңындағы Қосшы қаласы, Тайтөбе ауылы,...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img