Ақмола облысында тексерген сауда және қоғамдық тамақтану нысандарын тексерген мониторингтік топтардың бірқатар кемшіліктерді анықтады, деп хабарлайды «Aqmola News».
Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысының орынбасары Нариман Сыздықов мәлім етті.
Спикердің айтуынша, қазіргі таңда облыста Қазақстан Республикасы және Ақмола облысы бас санитар дәрігерлерінің қолданыстағы қаулыларының талаптарының орындалуын бақылау бойынша 154 мониторингтік топ жұмыс істеуде.
«InfoKazakhstan» сайтының мәліметтері бойынша сәйкестік актісіне облыс аумағында өз қызметін қайта жаңғыртқан 13 330 нысан ие болды. Олардың іішнде 2020 жылы мониторингтік топ аралаған 275 нысан да бар.
«Оқиға орталығында үйлестіру орталығының мониторингтік топтардың ақпараттарын қабылдау және шұғыл хабарламаларды уақытында өкілетті органдарға тапсыру жұмыстары жоспардан тыс тексерістерді ұйымдастыру үшін бекітілген тәртіпте бекітілген. Осы жылдың қаңтардың бірінен 25-не дейін үйлестіру орталығынан 45 шұғыл хабарлама түсті, – деді спикер.
Хабарламалардың арасыда қоғамдық тамақтану нысандарына, -5, отбасылық-ойынсауық кешендеріне – 1, колледжерде – 1, компьютер клубында – 1, сауда нысанында – 27, моншаларда – 9 шағымдар болған. 38 жоспардан тыс тексерістер өткізіліп, 33 нысанда заң бұзушылықтар анықталған. Ең көбі Көкшетау қаласында орын алған. Ал бес нысанда фактілер расталмаған. Орын алған заңбұзушылықтар үшін 3 миллион 821 270 теңге сомасында айыппұл салынған. Сондай-ақ, орын алған заң бұзушылықтарды жою үшін 31 нұсқаулар қалдырылған. Алты материал қаралу үстінде.