spot_img
Жұма, Қараша 27, 2026
-1.8 C
Kokshetau

Бурабайға «Симментал» тұқымды мүйізді ірі қара малы әкелінді

Сондай-ақ...оқыңыз

Бурабай ауданы Кенесары ауылында орналасқан «Беке» шаруа қожалығына «Симментал» тұқымды мүйізді ірі қара жеткізілді,-деп хабарлайды «Aqmola News».

Асыл тұқымды аналық сиырлар қожалыққа Австриядан әкелінді. 40 бас ірі қара малын сатып алу «Сыбаға» мемлекеттік бағдарламасы бойынша «Степняк»КС ЖШС арқылы несие қаражаты есебінен жүзеге асырылып отыр.

Симментал сиыры – сүт, ет өндіру бағытында өсірілетін мүйізді ірі кара мал тұқымы.Түсі сарғыш жөне қызыл ала. Табиғи жайылымда бағуға аса бейімделген. Бұқасы 800-1000 келі ал, сиыры – 530-580 келі салмақ тартады.

Жылына әр сиырдан майлылығы 3.8-3,9 % 3200-3800 кг сүт сауылады

Бұл іс-шара Бурабай ауданында мал шаруашылығын дамытуға өз үлесін қосатыны сөзсіз.

Аймақта мал өсіру ауыл шаруашылығындағы басты бағыттардың бірі.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Сайлауға дайындық заңнама талаптарына қатаң сәйкестікте жүргізіліп жатыр

Сайлау науқаны «Заң мен тәртіп» қағидаты негізінде ұйымдастырылуда. Орталық сайлау комиссиясы сайлау үдерісінің заңдылығы мен ашықтығын қамтамасыз ету үшін...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика