spot_img
Жексенбі, Мамыр 19, 2024
11.2 C
Kokshetau

Ақмолалық шаңғышы жол апатынан қаза болды

Сондай-ақ...оқыңыз

Бүгін түнде төрт дүркін олимпиада ойындарына қатысқан, 2013 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері Николай Чеботько 38 жасына қараған шағында  қайғылы қазаға ұшырады, деп хабарлайды «Aqmola News».

Жол апаты бүгін түнде Бурабай ауданының Бурабай кентіне жақын маңда болған.

«Николай Чеботько шаңғы спортының барлық түрлеріне қатысатын әмбебап спортшы болатын. Ол кез-келген қашықтыққа жарысқа түсе алатын өте мықты шаңғышы еді. Бар өмірін шаңғы спортына арнады, – дейді Ақмола облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Әсет Бүкібаев.

Спортшы 2013 жылы Валь-Ди-Фьемме қаласында өткен әлем чемпионатында жеңіс тұғырының үшінші сатысына көтеріліп, қола жүлдемен қанжығасын майлаған. Бүгінге дейін Қазақстан қоржынына Азия қысқы спорт ойындарының үш алтын, төрт күміс және екі қола медальдарын салған. Чеботько әлем кубогында 2001 жылы алғаш рет қатысқан. 2012 жылы әлем кубогының үшінші кезеңінде серігі Денис Волоткамен бірге тарихи алтын медальды олжалаған. Бірнеше мәрте әлем чемпионаттарында топ жарған спортшы республикалық деңгейде бүгінгі қайғылы қазаға дейін өнер көрсеткен.

Өз ісінің нағыз кәсіби шебері, нағыз танымал спортшы болған жігіт шаңғы спортына қысқа ғұмырында жастарды қысқы спорт түрлеріне дайындауға және тәрбиелеуге арнады, – деп толықтырды Әсет Бүкібаев.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Есімдері аңызға айналған атақты дәрігерлер Көкшетауда шеберлік сыныптарын өткізді

Облыс әкімі Марат Ахметжанов Ақмола облыстық көпбейінді ауруханасында өңірге «Жедел абдоминалды хирургияның өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img