spot_img
Сәрсенбі, Сәуір 15, 2026
3.2 C
Kokshetau

Вакцина алу үшін дәрігердің медициналық қорытындысы қажет- облыстық басқарма

Сондай-ақ...оқыңыз

Қазақстанда 2021 жылдың 1 ақпанынан бастап тұрғындарға  «Спутник-V» екпесі егіле бастайды. Осыған байланысты өткен брифинг барысында облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нариман Сыздықов өңірегі екпе егу мәселесіне тоқталды. Оның айтуынша, медициналық толық тексерістен өтпеген тұрғындарға вакцина салынбайды,-деп хабарлайды «Aqmola News».

Медициналық толық тексерістен өтпегендерге екпе жасалмайды. Аталмыш вакцинаны алу үшін дәрігердің медициналық қорытындысы қажет,-деді басқарма басшысының орынбасары.

Спикер сонымен қатар вакцина салдыруға қарсылық білдіру мәселесіне де тоқтала кетті.

Егер тұрғын вакцина алуға қарсылық білдірсе, оны ешкім мәжбүрлемейді. Дегенмен бұл мәселеге салмақты қарауға тиіспіз. Ең алдымен әлеуметтік жауапкершілікті ұғынып, айналамыздағылардың денсаулығына бей-жай қарамауға тиіспіз,-деді ол.

Еске сала кетсек, ҚР Үкіметі қаулысына сәйкес, жаппай вакциналау- республикалық бюджет есебінен жүзеге асырылады.

ҚР-ның азаматтары вакцина алғаны үшін ақы төлемейді.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Көрінбейтін майданның қаһармандары: Ақмола облысында ТКШ қызметкерлері күні аталып өтуде

16 сәуір – күнделікті өмірімізді жайлы әрі тұрақты ететін, бірақ еңбегі көбіне көзге көріне бермейтін жандарды еске алатын ерекше...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика