spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-5.8 C
Kokshetau

Ақкөл қаласында мониторингтік топ жұмысы жалғасуда

Сондай-ақ...оқыңыз

Мобильді мониторингтік топ Ақкөл қаласының бизнес нысандарының санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтауын тексеру бойынша кезекті рейд өткізді,-деп хабарлайды «Aqmola News».

Мобильді мониторинг тобы  «Береке», «Чуяночка», «Традиция», «Тенгри», «Белка», «Бақыт», «Татьяна», «Леонелла», «Авторитет», «Ксмка», «Клондайк», «Рахат», «Орда» азық-түлік супермаркеттерін аралап, карантиндік талаптардың орындалуын тексерді.
Барлық объектілерде коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алуда карантиндік шараларды сақтау маңыздылығы туралы түсіндіру жүргізілді.

Тәртіп бұзушыларға әкімшілік ықпал ету шаралары қолданылатын болады. Рейдтер күн сайын жүргізіледі.
Вирустық инфекцияның таралуының алдын алу бойынша барлық шараларды сақтауды ұсынамыз,-дейді мобильді мониторинг топ мүшелері.

Бүгін ӨКҚ-де өткен брифингте өңірдің бас санитар дәрігері Айнагүл Мусина кәсіпкерлік субъектілеріне карантиндік шараларды сақтау қажеттігін баса айтты.

Еске сала кетсек, егер карантин талаптары бұзылуы анықталған жағдайда шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін айыппұл – 230 АЕК (670 910 теңге), жеке тұлғалар үшін – 30 АЕК (87 510 теңге), ірі кәсіпкерлік субъектілері үшін – 1600 АЕК-ті (4 667 200 теңге) құрайды.

Егер бір орында бірнеше рет карантин талаптары бұзылса, кәсіпкерлік нысандардың жұмысы 3 айға дейін тоқтатылуы мүмкін.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img