spot_img
Сейсенбі, Қазан 13, 2026
6.4 C
Kokshetau

Қанат Исламның жекпе-жегі тағы да кейінге шегерілді

Сондай-ақ...оқыңыз

Қазақстандық боксшы Қанат Исламның (27-0,21 КО) рингке оралуы тағы кейінге қалдырылды, деп хабарлайды Sports.kz сайты.

Бұған дейін BoxRec.com порталы «Қазақтың» келесі жекпе-жегі 20 ақпан күні Майамиде (АҚШ, Флорида штаты) өтуі белгіленгені жайында ақпарат берген.

Алайда белгісіз бір себептерге байланысты жекпе-жек кейінге шегерілген. Бұған дейін қазақстандық боксшы өткен жылдың 16 қазанында, Американың Плант-Сити қаласында рингке шығуы тиіс еді, бірақ бұл кездесу кейінге қалдырылған болатын.

Қанат Исламның осы күнге дейінгі соңғы жекпе жегі 2019 жылдың 26 қазанында Алматы қаласында өтті. Онда ол төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен Намибия боксшысы Уолтер Каутондокваны (18-2, 17 КО) жеңіп, орта салмақта WBO International титулын қорғап қалған еді.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Көкшетауда «ROAD TO ASTANA 2027» эстафетасы аясында спорт фестивалі өтті

Көкшетауда 2027 жылы Астанада өтетін үстел теннисінен әлем чемпионатына арналған «ROAD TO ASTANA 2027» ұлттық жобасының екінші кезеңі ұйымдастырылды. «Kokshe Arena»...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика