spot_img
Дүйсенбі, Қазан 6, 2025
5.2 C
Kokshetau

Түрмеге тоқыма қолғаппен телефон тасыған ақмолалық ұсталды

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмолада тоқыма қолғаппен ұялы телефондарды түрмеге лақтырған адам қолға түсті. Ол қолғаппен екі бірдей ұялы телефонды түрменің ішіне өткізбек болған, – деп хабарлайды «Aqmola News».
Бірақ қылмыстық атқару жүйесінің қызметкерлері қырағылық танытып, телефондар тиісті адамға дейін жетпей қалған.

«Атбасар аудандық полиция бөлімімен бірлесіп ақпарат түскен соң іске кіріскен тәртіп сақшыларының көз алдында орын алған. 33 жастағы жігіт темір қоршаудың сыртынан тоқыма қолғапты асыра лақтырмақ болған. Осыған дейін есірткі сақтағаны үшін сотталған «курьер» жігіт түзеу мекемесінің алдына келіп, жан-жағына қарайлай бастаған. Ешкімді байқамаған ол қойнындағы түйіншекті алып қоршаудан енді асырам дегенде қолға түсті, – дейді Ақмола облысы қылмыстық атқару жүйесі департаментінің баспасөз хатшысы Ирина Горнова.

Түйіншек қылғаны тоқыма қолғап болып шыққан. Ішіне «Nokia» және «Samsung» маркалы телефондар мен екі сим карталары шыққан.
«Аталған факт тіркеліп, Атбасар аудандық полиция бөліміне процесуалды шешім қабылдау үшін жолданды, – деп толықтырды Ирина Горнова.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Көкшетауда нашақорлықтың алдын алу бойынша ауқымды акция өтті

Іс-шара құқық қорғау органдары мен белсенді жастарды біріктірді. "Заң және тәртіп" қағидатын іске асыра отырып, ақмола өңірінің есірткі күресшілері...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика