spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7.3 C
Kokshetau

Ақмола облысында көмір бағасын көтеру фактілері анықталып, тиісті шара қолданылды

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысында қара отын бағасын көтеру фактілері көмір нарығындағы бәсекелестікті талдағаннан кейін анықталды. Тексеру нәтижесінде Шортанды, Ақкөл, Бұланды және Жарқайың аудандарында баға тәртібін бұзу жағдайлары анықталды. Бұл туралы «Aqmola News» АА бәсекелестікті қорғау және дамыту жөніндегі облыстық департаменттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ведомствоның мәліметінше, Ақмола облысында нарықтағы баға тәртібін бұзған 8 компания анықталып отыр.

Қазіргі уақытта қара отын тасымалдаумен айналысатын бұл компаниялармен тиісті жұмыс жүргізіліп, баға қалыпқа келтірілді.

«Мысалы, Шортанды ауданындағы «Ақ Сұңқар 2000″ ЖШС » Д » маркалы көмірдің бағасын 15 200 теңгеден 14 200 теңгеге және 14 500 теңгеден 13 900 теңгеге дейін төмендетті. Сонымен қатар, «Акопян» ЖК ұқсас көмір маркасына бағаны 16 500 – ден 15 мыңға дейін төмендетті», – деп түсіндірді ведомстводан.

Белгілі болғандай, алдағы уақытта нкөмір нарығындағы қолжетімді бағаны қалыптастыру үшін үнемі жұмыстар жүргізіледі.

Бұл ретте сатып алу бағасы және басқа да шығындар ескерілетін болады. «Осылайша, бәсекелеске бағдарлана отырып, баға белгілеу практикасы тоқтатылады», – деп қорытындылады ведомстводан.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img