spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7 C
Kokshetau

Щучинск қаласында тарихи-өлкетану музейі ашылады

Сондай-ақ...оқыңыз
Жақын арада Бурабай ауданында Щучье тарихи-өлкетану музейінің жаңа экспозициясы өз есігін ашпақ,-деп хабарлайды «Aqmola News» Ақмола Облыстық Тарихи-өлкетану музейіне сілтеме жасап.
Бүгінде музей шағын орынға орналасқанына қарамастан, ел тәуелсіздігіндегі маңызды кезеңдері мен Ақмола өлкесіне қатысты және Бурабай ауданы тарихының барлық негізгі кезеңдері ұсынылған.
Аталған экспозиция:
археология
Абылай хан
қазақ этнографиясы
Щучинск станицасының білімі
Бурабай ауданы Ұлы Отан соғысы кезеңінде
Бурабай ауданының аумағында тұратын славян халықтарының тұрмысы
Бурабай ауданы тың және тыңайған жерлерді игеру кезеңінде
Бурабай ауданы Тәуелсіздік кезеңінде
«Арт Бурабай» шығармашылық шеберханасы атты бөлімдермен толықпақ.
Щучье тарихи-өлкетану музейінің экспозициясын орналастыру үшін  тарих ғылымдарының докторы , профессор Жамбыл Артықбаев жеке ғимарат ұсынды. Бұл ғимараттың өңірдің рухани өміріне зор ықпалы болады деп сенеміз. Өскелең ұрпақ үшін мұнда аймақтың сан ғасырлардан бергі тарихы мен танымы топтастырылады,-дейді тарихи өлкетану музейінің директоры Қуаныш Шақшақов.
Музей ғимараты Щучинск қаласының орталығында Абылай хан көшесі 10 мекенжайында орналасқан. Бұл келушілер үшін өте ыңғайлы.
Сондай-ақ, Щучье тарихи-өлкетану музейінің заманауи талаптарға сай, барлық қажетті жабдықтары, және де көрме залы мен конференц-залы болмақ.
- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img