spot_img
Сенбі, Мамыр 24, 2025
7.2 C
Kokshetau

19 қаңтар күнгі ауа райы болжамы

Сондай-ақ...оқыңыз

19 қаңтар күні еліміздің басым бөлігінде қар жауады. Республиканың кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын, оңтүстік, оңтүстік-батысында көктайғақ, желдің күшеюі, оңтүстік-шығысында өте қатты жел күтіледі, деп хабарлайды «Aqmola News» Қазгидрометке сілтеме жасап.

Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі, жел 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с күшейеді.

Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, жел 15-20 м/с, Шығыс Қазақстан облысында таңертең және күндіз екпіні 23 м/с күшейеді.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қостанай, Атырау, Батыс Қазақстан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман, Қостанай, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, Атырау, күндіз Қызылорда облыстарының кей жерлерінде көктайғақ болады.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде көктайғақ, түнде және таңертең – тұман күтіледі.

Ақтөбе облысының кей жерлерінде түнде тұман, күндіз көктайғақ күтіледі.

Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, күндіз жел жаяу бұрқасынмен 15-20 м/с күшейеді.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Еңбегімен ел мерейіне бөленген ұстаз

Нұрия Жаңабаева Көкшетау қаласы №6 мектеп-лицейінде 1992 жылдан бастап қызмет атқарып келеді. Ол отыз алты жыл бойы ұстаздықтың қыр-сырын...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика