spot_img
Жұма, Қараша 21, 2025
-0.8 C
Kokshetau

Наурыздан бастап Қазақстанда пойыз билеті қымбаттайды

Сондай-ақ...оқыңыз

«Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2021 жылдың 1 наурызынан бастап облысаралық және қала маңындағы қатынастардағы барлық әлеуметтік маңызы бар бағыт бойынша теміржол билетінің құны 7%-ға артады.

Компания бағаны өсіру туралы шешімін жолаушыларды тасымалдау сапасын жақсартуға, оның ішінде жылжымалы құрам паркін жаңартуға және қызмет көрсетудің жаңа стандарттарын енгізуге бағытталған шараларды жүргізіп жатқандығымен түсіндірді.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ 2018 жылдан 2020 жылға дейін 159 вагон сатып алған екен. Аталмыш вагондар Алматы-Маңғыстау, Нұр-Сұлтан-Сарыағаш, Атырау-Нұр-Сұлтан, Атырау-Алматы, Нұр-Сұлтан-Арқалық, Атырау-Маңғыстау, Алматы-Жезқазған және Нұр-Сұлтан-Семей бағытында қатынайтын жолаушылар пойызының құрамында.

Сондай-ақ осы жылдың І тоқсанында 50 жаңа вагон жеткізіліп, Алматы-Маңғыстау, Қызылорда–Семей, Алматы-Өскемен және Нұр-Сұлтан-Семей бағытындағы жолаушылар пойызының құрамында болмақ.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Орындаусыз қалған келісімшарт: Департамент шешкен даулы жағдай

Ақмола облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне өңір тұрғынынан жиһаз тапсырысының сапасы мен орындалу мерзіміне қатысты шағым...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика