spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7.3 C
Kokshetau

Ақмолада азық-түлік бағасы неге өсті?

Сондай-ақ...оқыңыз

Соңғы айларда өңірде азық-түлік бағасы айтарлықтай өсіп кеткен. Әсіресе, ауыл шаруашылығының бірқатар өнімдерінің құны едәуір арта түсіпті. Аграрлық сала дамыған Ақмола облысында неге бұлай болды деген заңды сұрақ туындайды. Өйткені, өнімдердің құны импорттық өнімдердің құнымен теңесіп қалған. Жалпы мәселе күн тәртібінде тұрғанына біраз уақыт болған, деп хабарлайды «Aqmoa News». 

Көкшетауда тауық жұмыртқасы, өсімдік майы, сүт және жарма өнімдері айтарлықтай қымбаттаған. Ал өңірде ірі құс фабрикасы, бірнеше май зауыттары мен фермалары жұмыс істейтінін ескерсек, мәселенің шешімін табуы қажеттігі айқындала түседі.

«Бірқатар өнімдерге бағаның жоғарылауы байқалды. Ол облыстан тыс орналасқан өнімдер мен тауарларға жеткізушілердің бағаны көтеруімен байланысты болып отыр. Мәселен өсімдік майын алсақ, қазір Өскемен май зауыты 600 теңгеден жоғары бағада ұсынып отыр. Сәйкесінше бұл баға біздің дүкендердегі май бағасына әсер етеді, – дейді облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы басшысының орынбасары Жаслан Айдрахманов.

Дүкеншілердің айтуыша ең алдымен баға өндірушілерден және аздап жеткізушілерге тәуелді болады. Мәселен, сиыр еті базарға 1500 теңгеден жеткізіліп, 1800 теңгеден сатылады. Көкшетаулықтар арасында өсімдік майының құнына да наразылық көбейген.

«Бұл май асқа пайдаланатын дайын емес, экспортқа шикізат түрінде бағытталған. Сондықтан тек тағам түрінде бізде Сандықтау және Атбасар аудандарының кәсіпорындары айналысады. Мәселен көпшілік Сочинское майы, Аршалы «Еңбек1» кәсіпорны шығаратын, «Зеренді ауданының «Блиц-Терминал» кәсіпорын майларын жақсы біледі. Бұл кәсіпорындар дайын өсімдік майларын дайындайды. Бұл көлем өсім үдеріс бар, бірақ ол әлі аса көп үлесі жоқ, – деді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Қасым Итқұсов.

Облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы атап өткендей әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарларына мониторинг тұрақты түрде жүргізіледі. Олардың мәліметінше шекті межеден бағаның асуы байқалмаған.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img