spot_img
Сейсенбі, Желтоқсан 16, 2025
-10.8 C
Kokshetau

Ақмолалық белсенділер қар тазалаушыларға ыстық шай ұсынды

Сондай-ақ...оқыңыз
Ақмолалық «Jas Otan» жастар қанатының белсенділері «Той Дастархан» ЖШС директоры Елена Мащинскаяның қолдауымен коммуналдық қызметкерлерге ыстық шай мен бауырсақ таратты, деп хабарлайды «Aqmola News». 
  
Акция «Кел шай ішейік» деп аталған. Бір-ақ күнде бір айлық мөлшерде түскен табиғаттың тосын сыйын тазартып жатқан коммуналдық қызметкерлердің бойын жылыту үшін ыстық шай мен бауырсақ ұсынылды.
«Қатты аяз немесе боран болсын, қажымай жұмыс істейтін адамдар бар. Коммуналдық қызметкерлер көшелерді дайындау және қозғалысты мүмкіндігінше ыңғайлы ету үшін таңертең ерте жұмысқа шығады. Бір сағат ішінде белсенділеріміз бауырсақ және шай таратты. Коммуналдық қызметкерлердің оң реакциясы көп күттірмеді, қызметкерлер балаларға көрсеткен қамқорлығы мен ықыласы үшін шын жүректен алғыс білдірді. Мұндай акциялар басқа азаматтарды бей-жай қалдырмайды деп үміттенеміз. Осы қыс күндері бір – біріңізге мейірімді және мұқият болыңыздар, өйткені бірге біз мықтымыз!» – делінген «Jas Otan» жастар қанатының баспасөз хабарламасында.
- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Президент тапсырмаларын жүзеге асыру: ҚР Үкіметінің қорытынды баспасөз конференцияларының сериясы басталды

2025 жылғы Үкімет қызметін қорытындылау аясында энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Astana Hub алаңында бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен кездесіп, энергетика...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика