spot_img
Бейсенбі, Мамыр 21, 2026
10.2 C
Kokshetau

Ақмола облысының бес ауданында шетелдік бақылаушылар болды

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысында сайлаудың өту жағдайына Отандық «Азаматтық альянс», кәсіподақтық ұйымдармен қоса 17 шетелдік бақылаушылар қатысты.

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында мәлім болды.

16:00-дегі жағдай бойынша Ақмола облысы бойынша 295 436 адам яғни барлық сайлаушылардың 56,9 пайызы дауыс берген.

         «Жалпы ақмола облысы бойынша 519 633 адам сайлаушы тіркелген. Шетелден 17 бақылаушы Ақмола облысы бойынша Ақкөл Целиноград Шортанды аудандары мен Көкшетау және Степногорск қалаларында болды. Бақылаушылар аталған аудандарда бірнеше сайлау учаскелерін аралап шықты. Франция Парламент ассамблеясынан, Польша Еуроодағынан, Финляндан ОБСЕ-ден келді. Мұнымен қоса «Азаматтық альянстан» 697-дан, кәсіподақ федерациялардан 200, қоғамдық үкіметтік емес ұйымдардан 106 бақылаушылар қатысып жатыр, – дейді облыстық бақылаушылар штабының жетекшісі Ерлан Закирьянов.

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Астанада халықаралық симпозиумда Алтын Орда мұрасына қатысты Қарар қабылданды

19-20 мамыр күндері елордада «Алтын Орда – дала өркениетінің үлгісі: тарих, археология, мәдениет, бірегейлік» атты халықаралық ғылыми симпозиум өтті....
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика