2026 жылғы 25 қыркүйек — Аза тұту күні
25 сентября 2026 года — День траура.
spot_img
Сенбі, Қыркүйек 26, 2026
8.8 C
Kokshetau

Ауа райының қолайсыздығына тап болған 40-тан астам адам құтқарылды

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысында жолда қалған 40-тан астам адам құтқарылып, көмек көрсетілді,- деп хабарлайды «Aqmola News» тілшісі облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, Астрахан ауданының құтқарушыларына «Екатеринбор-Алматы» республикалық маңызы бар автомобиль жолында автобус жолда қалды деген хабарбарлама түскен.

«Айтылған жерге жеткен құтқарушылар мен жергілікті атқарушы органдардық қызметкерлері автобуста болған 43 жолаушыны (оның 8 бала) эвакуациялап, Новочеркаск ауылындағы жылыту пунктіне орналастырды. Жолаушылар медициналық көмекке жүгінген жоқ», – деді ведомстводан.

Қыс айларында Ақмола облысында республикалық және жергілікті автокөлік жолдарының қауіпті учаскелерінде 257 жылыту пункті жұмыс істейді.

Еске сала кетейік, Ақмола облысында бір аптадан астам уақыт бойы ауа температурасы минус 37 градус аязды көрсетіп тұр. Осыған байланысты 7 қаңтардан бастап, қоғамдық және дизель отынымен жүретін көліктердің жолға шығуына тиым салынып отыр.

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Қазақстан Халық Кеңесі мүшелері қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына материалдық көмек көрсетеді

Қазақстан Халық Кеңесі мүшелері Каспий теңізінің жағалауында қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына көмек көрсетуге 815 млн теңге жұмсауға дайын. Қайырымдылық...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика