spot_img
Сейсенбі, Тамыз 25, 2026
21.2 C
Kokshetau

Ақкөлде жаңа жылу қазандығы іске қосылды

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақкөл қаласында жаңа жылу қазандығы іске қосылды. Жоба «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы бойынша жүзеге асырылды,-деп хабарлайды «Aqmola News».

Құрылысына 800 миллион теңгеге жуық  қаржы бөлінген жылу қазандығына  30 жыл бойы орталық жылу жүйесінен ажырап қалған үйлер де қосылмақ.

Мамандардың айтуынша, қаладағы жаңадан орнатылған 4 қазандық та отандық өнімдер. Мұнда  Щучинск қаласында шығарылған 4-5 гигакалориялық  қазандығы орнатылған.

Ескі жылу қазандығының қуаты 8 гигакалорий болса, жаңа нысан 14 гигакалорий жылу өндіреді.

  Қазір 45 пәтерлі екі тұрғын үй салынуда. Құрылыс аяқталған соң ол үйлер де осы қазандыққа жалғанады.  Қазір біз жылу жүйесіне көпқабатты 17 тұрғын үйді қостық.  Сонымен қатар аудандық сот, мәдениет үйі, 140 орындық балабақша, кітапхана, басқа да жеке кәсіпорындар да қосылған. Бұл жерде жұмыстардың барлығын тетіктер арқылы операторлар басқарады. Ешкім күрек ұстап, бұрынғыдай күл шығармайды,-дейді аудандық құрылыс бөлімінің жетекшісі Олег Шевченко.

Жаңа жылу қазандығының құрылыс жұмыстарына 200-ден астам адам тартылған. Оның 135-і жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмыс істеді.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Жаңа оқу жылы қарсаңында балалар қауіпсіздігі күшейтілді

Жаңа оқу жылының басталуына санаулы күндер қалды. Осыған байланысты елімізде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы шаралар күшейтілуде. Қазіргі уақытта республика...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика