spot_img
Жұма, Мамыр 3, 2024
12.2 C
Kokshetau

«Nur Otan»: Халыққа – арзан өнім, сапалы қызмет

Сондай-ақ...оқыңыз

«Nur Otan» партиясы атынан облыстық және қалалық мәслихат депутаттығына кандидаттар Красный Яр ауылында орналасқан «Ақсай нан» ЖШС филиалында болып, мекеме қызметкерлерімен жүздесті.

Үміткерлер партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, өзекті деген мәселелерді назарға алған саяси ұйымның мақсаты мен міндеттерін атап өтті. «Ақсай нан» ЖШС еліміздегі халыққа күнделікті аса қажетті нан және тоқаш өнімдерін арзан бағамен сатып отырған бірден бір кәсіпорын. Сапалы өнімді тұтынатын халық көп. Елімізге індет келген кезде де кәсіпорын басшылары бағаны көтерген жоқ, қайта халықтың қалтасына қарай белгілеп, қайырымдылық шараларға да қатысты. 

«Nur Otan» партиясы қалалық аумақтық филиалы төрағасының орынбасары, қалалық мәслихат депутаттығына үміткер Зәуреш Нұрымова аталған саяси ұйымға дауыс беруге шақырды.

Өйткені бұл партия нақты істердің партиясы және халықтың мұңын мұңдап, жоғын жоқтайтын іскер адамдардың басын қосып отыр. Кездесуге келген Көкшетау қалалық жолаушылар тасымалы қауымдастығының төрағасы Рүстем Қалышев, «Автобус паркі» ЖШС директоры Әсия Шәрімова, «Болашақ сарайы» балалар мен жасөспірімдер мекемесінің директоры Айнагүл Балташева, «Көкшетау сүт зауыты» ЖШС директоры Асен Жақсылықов, «Аналар үйінің» үйлестірушісі Құралай Жұмабекова, жеке кәсіпкер Гүлмира Құсайын сияқты кандидаттар өздерінің сайлауалды бағдарламасын ортаға салып, алдағы жоспарларымен бөлісті. Сайлаушылардың сұрақтарына жауап беріп, көкейтесті мәселелерін қағазға түртіп алды.

“Nur Otan” партиясы Көкшетау қалалық аумақтық филиалы сайлау қорынан төленді.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«ХАЛЫҚТЫҢ ЖАЙЛЫ ТҰРМЫСЫ ҮШІН БАРЛЫҚ ЖАҒДАЙЛАР ЖАСАЛАДЫ!»

Жазушы-драматург, қоғам және мемлекет қайраткері, Сенаторлар кеңесінің мүшесі Жабал Ерғалиевтің Фейсбук парақшасынан алынды. Бұл қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img