spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-5.8 C
Kokshetau

Ақмола облысында оқу орындар қашықтықтан оқу режиміне көшті

Сондай-ақ...оқыңыз

Көкшетауда Короноавирустың алдын алу шараларын қолдануға байланысты жұмысын тоқтатқан оқу орындарының каникул кезіндегі жұмыс істеу тәртібі түсіндірілді. Қашықтықтан оқу кезіндегі қажетті шаралар туралы Ақмола облысы білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы  Валерий Гамазов мәлімдеді,-деп хабарлайды Aqmola News ақпарат агенттігі.

 ҚР БҒМ-нің тапсырмасына сәйкес, өңірде оқу орындарының жұмысы қашықтықтан жүзеге асырылуда. Облыстағы 33 колледж бен 4 жоғары оқу орнының студенттері ғаламтор арқылы байланысқа көшкен.

  • Бүгінде «Серпін» бағдарламасы арқылы басқа облыстардан келіп оқып жатқан 120 студент студенттік жатақаналардан кеткен жоқ. Олар «Bilimland», «Google Classroom», «MOODLE», «Univer», «Platonus», «Canvas», «Daryn.online» сияқты электронды платформалары арқылы оқуларын жалғастыруда, -дейді Валерий Гамазов.

Сонымен қатар брифинг спикерлері әлеуметтік желі арқылы тарап жатқан фейк ақпараттарға қатысты пікір білдірді. Балалар көшеге шығып, қоғамдық көлікпен жүріп, есіктің алдына шығып ойнаса, айыппұл салынатындығын жоққа шығарды.  Дегенмен адам көп шоғырланған жерлерден балаларды алшақ ұстауға кеңес берілді.

  • Мұғалімдердің кестеге сәйкес күнделікті дәріс беру, бағалау мен курстық жұмыстары да қашықтықтан істелініп жатыр. Облыс төңірегінде ғаламтор байланысы жолға қойылған. Шет аудандар мен ауылдардағы оқушылардың білім алуы да қадағаланады,-деді спикер.

Төтенше жағдай күшіне енгенннен бастап облыста мектепке дейінгі мекемелерге балалардың келуі 33%-ды құрады. Бұл нормадан біршама төмендегенін көрсетті.

Еске сала кетсек, денсаулық сақтау министрлігі баланы балабақшаға апару апармау ата-ананың өз еркінде, егер мүмкіндік болса үй жағдайында назарда ұстаған дұрыс екенін айтқан болатын.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img