spot_img
Сәрсенбі, Мамыр 15, 2024
10.2 C
Kokshetau

Көкшетау дүкендерінде тауар жеткілікті

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысындағы азық-түлікке қатысты  бағаны тұрақтандыру қорының механизмдері туралы «Есіл» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының төрағасы Ербол Жақсылықов жеткізді,-деп хабарлайды Aqmola News ақпарат агенттігі.

Көкшетауда бөлшек-сауда дүкендеріне қажетті мөлшерде азық-түліктерді жеткізетін бірқатар компаниялар жұмыс істейді. Тек «Small» дүкендер желісінің меншікті жеткізушісі бар, ал қалған дүкендердің барлығы осы компаниялармен жұмыс істейді.

Төтенше жағдайға байланысты күнделікті азық-түлікті жеткізушілерді қадағалау мақсатында көтерме саудаға мониторинг жүргізілуде.

Көкшетауда азық-түлік дүкендерінде қолма қол алған жағдайға ұн, макорон өнімдері, сүт және сүт өнімдері, ет жеткілікті мөлшерде. Айтқым келетіні, азық-түліктер тауық еті, тауық жұмыртқасы, сиыр еті, шұжық өнімдері, сүт өнімдері өз облысымызда өндіріледі. Басқа өңірлерден  тамақ өнеркәсібін өндіруге ынталы өндірушілер де жоқ емес.  Олар базарды толықтырғысы келсе, біз кедергі болмаймыз.

Шекаралардың жабылғанына қарамастан жеке гигиенаны қамтамасыз ететін шаруашылық тауарларын өндіретін компаниялар да өз жұмысын жалғастыруда.

АҚШ доллары курсының жедел өсуіне байланысты бағаны тұрақтандыру саясаты да жергілікті әкімшіліктің назарында. Тұрақтандыру қорын толықтыруға қаражат облыстық бюджеттен бөлінеді.

Көкшетаулықтар «Қамқор» базарынан жарманың бір келісін  267 теңгеге, күрішті-280 теңгеге сатып ала алады. «Гормолзавод» ЖШС-нің 1 келі майы 2400 теңгеге, «Atbasar Grain» ЖШС өндіретін «Сочинское» тамақ майының 5 литрі 1900 теңгеге, бірінші сұрп ұнның бір келісі 110 теңгеге сатылып жатыр.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Бұландылық оқушы ядролық реактордың моделін әзірледі

Бұланды ауданының үш оқушысы Бішкек қаласында өткен «Біз – ХХІ ғасыр интеллектуалдарымыз» халықаралық байқауында ел намысын қорғап, жақсы нәтижемен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img