spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7.3 C
Kokshetau

«Рухани жаңғыру» жылды қорытындылады

Сондай-ақ...оқыңыз

«Рухани жаңғыру» өңірлік жобалық кеңсесі 2020 жылғы 25 желтоқсанда  Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының онлайн форматта « Рухани жаңғыру» бағдарламасының  2020 жылы жүзеге асырылуының нәтижесі мен 2021 жылғы жұмыс жоспары» тақырыбында қорытынды  мәжілісі өтті, деп хабарлайды «Aqmola News» жобалық кеңсенің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аталмыш шараға Ақмола облысының 17 ауданы мен 2 қаласының  мемлекеттік мекемелерінің, ішкі саясат, білім, мәдениет, архивтер және құжаттамалар, туризм  басқармаларының  «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыруға жауапты мамандары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Мәжілесте Ақмола облысының «Рухани жаңғыру» өңірлік жобалық кеңсесінің 2020 жыл бойы атқарған қызметі туралы  кеңсе басшысы Марал Жақыпованың, бөлім басшылары Серғазы Қайырболды, Қайрат Сейтқазин және бөлім маманы Ерден  Нұрмұхаметтің ақпараттары тыңдалды.

Мәжіліс барысында «Рухани жаңғыру» бағдарламысының үш негізгі бағыты: «Тұлғалық даму», «Ұлттық бірегейлік және халықаралық позициялау», «Мемлекеттің, азаматтық қоғам мен жергілікті қоғамдастықтың дамуы» және 17 арнайы жобалары, 2020 жылда «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыруда қол жеткізілген жетістіктері туралы  баяндалып, 2021 жылға арналған жұмыс жоспары талқыланды.

Сонымен қатар, «Рухани  жаңғыру – жаңа қырынан» атты жыл нәтижесі бойынша жасалған ақпараттық – деректі фильмнің және «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру бойынша әдістемелік жинақтың  таныстырылымы өтті.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img