spot_img
Жексенбі, Қазан 20, 2024
2.2 C
Kokshetau

Ақмола облысында «Волонтерлер жылы» қорытындыланды

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысында Волонтерлер жылы аясында өткізілуі жоспарланған 73 іс-шараның барлығы жүзеге асырылды. 7 волонтерлік бағыт бойынша 145 мың теңгеден 7 грант бөлінді, деп хабарлайды «Aqmola News».

Бұл туралы ӨКҚ-де өткен «Волонтерлер жылы жұзеге асырылған жоспарларды қорытындылау» туралы брифингте айтылды.

Ақмола облысы ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Нариман Әбдірахмановтың айтуынша, 3,5 миллион теңгені құрайтын лоттар шеңберінде волонтерлік жобалар жүзеге асырылған.

Облыста «Bilim»,  «Sabaqtastyq», » Asyl mura», » Qamqor», » Taza alem», » Umit»,  «Saylyk» бағыттары бойынша 7 жалпы ұлттық жоба іске асырылды. Бөлінген гранттар үздік деп танылған волонтерлер жобасына берілді. Аталған ұйымдар өңірдің маңызды әлеуметтік салаларында өз қызметтерін жалғастыруда,- дейді Нариман Әбдірахманов.

Бүгінде облыс көлемінде 84 волонтерлер қозғалысы жұмыс істейді.

Әсіресе, пандемия кезінде 900 ден астам облыс еріктілері 3600-жуық отбасына азық-түлік өнімдері мен дәрі-дәрмектер және жеке гигиена заттарын жеткізіп берді.

Олар сонымен қатар тұрғындарға маскалар мен коронавирус инфекциясынан қорғану жадынамаларын таратқан. Жалпы, өңірде ақмолалық волонтерлер пандемиямен күрес кезінде бірінші болып, алдыңғы қатарға шығып, науқастарға қол ұшын созды.

Соның нәтижесінде 120 ақмолалық волонтерлер ел Президентінің «Халық алғысы» жоғары марапатына ие болды.

Өз денсаулықтарын қауіпке тігіп, тынымсыз еңбек еткен Олеся Баимова, Умар Шоназаров, Ирина Катухова, Татьяна Спиглазова, Данияр Даиров, Ернұр Хамза, Наурызбек Мұратханұлы сынды волонтерлер өңірдің қоғамдық іс-шараларына белсене араласты.

Сонымен қатар «Женский луч» қоғамдық бірлестігінің мүшелері  «Жыл волонтерлері» халықаралық сыйлығының жеңімпаздары атанды.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Партияның қоғамдық қабылдауларындағы орталық мемлекеттік орган өкілдерімен өтетін онлайн қабылдау тәжірибесі өз тиімділігін көрсетіп отыр

Ақмола облыстық мәслихаты жанындағы «АМАNАТ» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі Умар Шоназаров Республикалық қоғамдық қабылдауда Қазақстан Республикасы Су шаруашылығы және...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img