spot_img
Дүйсенбі, Қазан 12, 2026
8.2 C
Kokshetau

Жақсы ауданының дәрігерлеріне пәтер кілттері табысталды

Сондай-ақ...оқыңыз

 Жақсы ауданында дәрігерлерге тұрғын үйлерден 8 пәтердің кілті табыс етілді,-деп хабарлайды «Aqmola News».

Дәрігерлерге арналған тұрғын үйлердің құрылысын желтоқсан айына аяқтау жоспарланған болатын. Жаңа нысандағы пәтер кілттерін аудан әкімі Бауыржан Малғаждаров салтанатты жағдайда табыс етті.

Пәтер кілттері пандемиямен күресуге ерекше үлес қосып, аудан халқының денсаулығы саласында аянбай еңбек етіп келе жатқан дәрігерлерге табыс етілді.

«Аудандағы денсаулық сақтау қызметкерлеріне пәтер кілттерін табыс еттім. Елімізде белең алған коронавирус пандемиясымен күресте дәрігерлердің еңбегі орасан. Жерлестеріміздің денсаулығын сақтау аса маңызды мәселе. Алдағы уақытта да біз дәрігерлеріміздің жайлы өмір сүруіне барлық қажеттіліктерді жасай бермекпіз. Бұл ауданға мамандарды тартуға да өз ықпалын тигізетін болады, – дейді аудан әкімі Бауыржан Малғаждаров.

Бүгінде мемлекет тарапынан денсаулық сақтау мамандарына көптеп көңіл бөлініп, олардың лайықты өмір сүруі үшін жағдай жасалып келеді.

 

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Көкшетауда «ROAD TO ASTANA 2027» эстафетасы аясында спорт фестивалі өтті

Көкшетауда 2027 жылы Астанада өтетін үстел теннисінен әлем чемпионатына арналған «ROAD TO ASTANA 2027» ұлттық жобасының екінші кезеңі ұйымдастырылды. «Kokshe Arena»...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика