spot_img
Дүйсенбі, Қазан 6, 2025
8.2 C
Kokshetau

Кандидат канвассинг кездесуінде

Сондай-ақ...оқыңыз

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат Мәжілісі депутаттығына үміткер Көкшетау университетінің ректоры Мади Сағынтайұлы Елюбаев Целиноград ауданына келген үгіт-насихат жұмысын канвассинг-кездесуімен жалғастырды.

Үгіт-насихат жұмыстарының басты мақсаты да «Nur Otan» партиясының алдағы 5 жылға бағытталған сайлауалды бағдарламасын кеңінен түсіндіріп, осы уақытқа дейін партияның атқарған жүйелі жұмысын таразылау. «Кандидат қонақта» кездесуінің ерекшелігі де ауыл тұрғындарының шаңырағында болып, келелі әңгімелесіп, толғандырған мәселелерін ескеріп, акциясы аясында партияның алға қойған басты міндеттерін жүзеге асырудағы нақты қадамдарымен таныстыру. Осы орайда ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына Мади Сағынтайұлы Ақмол ауылының тұрғыны зейнеткер Күлшара Дүйсенқызының үйінде болып қайтты. Күлшара Дүйсенқызы «Nur Otan» партиясының атқарып жатқан жұмыстарына көңілі толатындығын айтып, өскелең ұрпақты отансүйгіштікке шақырды. Кандидат келелі кездесуде Күлшара Дүйсенқызының еңбек жолымен танысып, партияның «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында игі істерді атап өтті. Сонымен қатар жергілікті деңгейде атқарылатын жұмыстарды саралап берді.


Кездесу соңында «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.

«Nur Otan» партиясы Ақмола облысы Целиноград ауданы сайлау қорының қаражатынан төленді.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«Чинсон» корей мәдени орталығының 35 жылдығы – достық пен татулықтың мерекесі

Көкшетаудағы «Қоғамдық келісім» мекемесінде «Чинсон» корей мәдени орталығының 35 жылдық мерейтойына арналған салтанатты шара өтті. Оған облыс әкімінің орынбасары...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика