spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-12.8 C
Kokshetau

Халықтың өмір сүру сапасын артыру – басты мақсат…

Сондай-ақ...оқыңыз

«Nur Otan» партиясының Ақмола облысының мәслихатының депутаттығынан үміткер Қорлан Жаңалыққызы Әлімова, Бурабай ауданы Қарашілік ауылының тұрғындарымен кездесіп сайлауалды бағдарламасымен таныстырды.

Жалпы «Nur Otan» нақты істін партиясы болып саналатындығын, партияның атқарып жатқан жұмысына тоқталып, қазіргі күні елбасының тапсырмасымен елді-мекендерді гүлдендіру мақсатында атқарылып жатқан жұмыстар жайлы кеңінен таныстырып өтті.

Біздің партияның құндылығы – адам, бостандық, заңның үстемдігі, әділеттілік, ынтамақтыстық арқылы болашаққа жол ашу, – деді Қорлан Жаңалыққызы өз сөзінде.

Қарашілік ауылының тұрғындары оның ішінде зейнеткерлер мен жұмысшы қауымының өкілдері ел экономикасын көтеріп нақты батыл қадамға бара білетін «Nur Otan» партиясына дауыс беріп еліміздің одан әрі дамуына үлес қосамыз деп бір ауыздан үміткердің бағдарламасын қолдады.

Жалпы ауыл тұрғындарының айтуына қарағанда бүгінгі күні медициналық амбулаторияның жоқтығын айтып облыстық мәслихаттан үміткерге сауал жолдады.

Бұл сауалға Қорлан Жаңалыққызы: – «Nur Otan» партиясы үшін азаматтардың денсаулығына қамқорлық жасау басты міндеттердің бірі болып табылады. Бұл бағдарламызда айқын әрі нақты жазылған. Кем-кетіктің орның толтырамыз,-деп сенімді түрде жауап берді.

 «Nur Otan» партиясының Ақмола облысы Бурабай ауданының Сайлау қорының қаражатынан төленді.

 

Біз «Nur Otan» партиясымен жарқын болашақты таңдаймыз!

Жақсы ауданында «Nur Otan» партиясының сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары қызу жүргізілуде! Бұл жолы аудандық депутат мәслихаттығына үміткер кандидаттар, ірі ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының бірі «Золотая нива» ЖШС ұжымымен кездесу өткізді.
Бұл ЖШС ауданда алғашқылардың бірі болып кластерлік өндірісті енгізді (бидай өсіреді, ұн өндіреді, ұннан нан пісіріп сатады). ЖШС – де өнімділігі тәулігіне 20 тонна түрік өндірісінің диірмені және тәулігіне 700 бөлке нан шығаратын наубайхана жұмыс істейді. Қаптамаларда печенье шығаратын кондитерлік цех ашу жоспарлануда.


«Золотая нива» ЖШС мал шаруашылығы саласын да дамытуда:
қой шаруашылығы,
ірі қара мал өсіріліп, ет өнімдерінің өндірісі жолға қойылды:түшпара, манты, тефтели және т.б. Барлық өндірілетін өнім жергілікті халыққа сатылады.
«Золотая нива» ЖШС директоры Әубәкіров Бағдат Төлегенұлы халықтың мұқтажы үшін Жаңа Қима ауылдық округінде 250 орындық «Динара» мейрамханасын салды.
Жыл сайын ол Жаңа Қима ауылдық округінің мектептерімен ыстық тамақ ұйымдастыру туралы меморандумдар жасайды. Сондай-ақ, Жаңа Қима мешітінің жергілікті дін қызметкерлеріне қатты отын сатып алуға, жөндеу жұмыстарын жүргізуге көмек көрсетеді. Кандидаттар осындай мақсаты анық, еліне жақсылық жасаудан шаршамайтын «Золотая нива» ұжымына «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасындағы айқындалған міндеттер мен мақсаттарды түсіндіре отырып, осы күнге дейін жеткен жетістіктер мен атқарылған жұмыстарға тоқталды. Депутаттыққа кандидаттар жеке кәсіпкер Шакаева Н.Н. мен «Турлыбеков» шаруа қожалығының басшысы А. Тұрлыбеков мемлекет тарапынан кәсіпкерлік бағытқа ерекше көңіл бөлініп жатқанын айтып өтті.

Кандидат Қ.Қ.Құсайынов ауыл халқын «Салауатты өмір салтын ұстануға» яғни, спортқа көңіл бөлуге шақырды. Мықты, дені сау ұрпақ тәрбиелеу үшін алға қойған мақсаттарымен бөлісті. Депутаттыққа кандидат «Еркіндік Агро» ЖШС басшысы М.Ж.Мейрамов: партияның жаңа бағдарламасы мен қазақстандықтарды әлеуметтік қолдауды күшейту жөніндегі шараларға қатысты өз пікірін білдіре отырып, «басты мақсатым – ауыл тұрғындарының өмірін жақсарту, ауылды көркейтіп, гүлдендіруге үлесімді қосу, жастарды ауылға жұмысқа тартып, өз елінің патриоты болуға шақыру» -деді. Сонымен қатар, кандидаттар тұрғындардың қойған сауалдарына жауап беріп, ұсыныстары мен тілектерін тыңдады.
Кандидаттар сөз соңында 2021 жылдың 10 қаңтарында өтетін сайлауда
«Nur Otan» партиясы – еліміздің әлеуметтік әл – ауқатының кепілі» болатынына сендіре отырып, дауыс беруге шақырды! Біз
«Nur Otan» партиясымен жарқын болашақты таңдаймыз!

«Nur Otan» партиясы Ақмола облысы Жақсы ауданы Сайлау қорының қаражатынан төленді.

 

 “Nur Otan”партиясымен барлық қиындықты бірге еңсереміз!

 Қазақстан Республикасы Мәжілісіне кандидат Асқарбек Үйсінбаев сайлауалды компания шеңберінде сайлаушылармен үгіт кездесулерін өткізіп жатыр.

Ол өзінің кездесуінде «Nur Otan» партиясының бағдарламасын алға тартады. Себебі өзі де осы сайлау ұйымының атынан үміткер. Мемлекет басшысының халыққа Жолдауында көрсетілген басым бағыттар әр елді-мекеннің өркендеуін, халықтың әл-ауқатының жақсаруын көздейді. Аталған саяси ұйымның халық игілігі үшін атқарған істері ауыз толтырып айтарлықтай.

Бірнеше ауданды басқарып, мол тәжірибе жинақтаған Асқарбек Үйсінбаев ауылдық жердің шешімін күткен жәйттерін жақсы біледі және көзімен көріп, көңіліне түйіп жүр. Қарапайым халыққа қажетті мәдени ошақтардың жұмысының тұралап қалғаны, ауыз сумен толық қамтылмағаны, малмен күн көріп отырған халыққа ең бастысы соған қажетті жемазықтың жеткізілу жайы, жолдардың сапасының сын көтермейтіні т.т. елге жанашыр азаматтың жоғарыға жеткізетін көкейінде жүрген сауалдар. Сондықтан әр ауданды жайлы ету кандидаттың алдына қойған міндеті. Ол алдағы уақытта да «Nur Otan» партиясымен бірге алға қадам басып, халықтың түйткілді мәселелерін шешуге ат салыспақ. Нағыз істің партиясына дауыс берсеңіздер, көп мәселе шешімін табады деді ол өзінің сайлаушыларына. Алдағы науқан ел үшін, халық үшін өте маңызды қадамдар жасалатын сәт. Сондықтан әр азамат саналы түрде таңдау жасауы тиіс. Ал, нұрлы болашақтың кепілі «Nur Otan» партиясы қиындықтарды халықпен бірге еңсермек.

«Nur Otan партиясы Сандықтау аудандық сайлау қорынан төленді».

 

«Nur Otan» – жұмыла көтерген жүк жеңіл!

  «Nur Otan» партиясы атынан Ақмола облыстық және Көкшетау қалалық мәслихаттарына кандидаттар Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында «Халыққа қызмет ету» бастауыш партия ұйымы мүшелерімен және қарапайым халықпен жүздесті.

Олар сайлаушыларды толғандырып жүрген сауалдарға қатысты жауап беріп, назарға алынатын ерекше тұстарын қалта дәптерлеріне түртіп алды. Мәслихат кандидаттарыныі қатарында «Қазақстан Агро Инновациялық Корпорациясы»ЖШС бас директорының орынбасары Талғат Жүнісов, «Асыл Арман» ЖШС бас директорының орынбасары, Қазақстан халқы Ассамблеясы кәсіпкерлер Ассоциациясы Ақмола филиалының директоры Умар Шоназаров, көпсалалы облыстық аурухананың нейрохирургия бөлімшесінің меңгерушісі Ерлан Аяғанов, Көкшетау теміржол вокзалы станциясының басшысы Роза Арыстанқызы.  «Раисов А.М.» ЖК директоры Айдын Раисовтар алдағы сайлаудың бір ерекшелігі, мәслихат депутаттарының партиялық тізіммен сайлануы деді. Мұның өзі бұл саяси ұйымның ашықтығын, халыққа жақындығын және халық үшін жұмыс істеп отырғанын көрсетеді. Бүгінгі күні Көкшетау қаласының қаншалықты көркейіп келе жатқанын көріп отырмыз. Мұның бәрі халықтың игілігі үшін жасалып жатыр. Ал, жұмыла көтерген жүк жеңіл екені белгілі. Бұл елге таралған коронавирус пандемиясы кезінде ерекше көрінді. Барлық жұмысты бірлесіп атқарғанның арқасында біз індетті ауыздықтай алдық деді Роза Арыстанқызы.

Бүгінгі күні облыс орталығында жаңа кәсіпорындар ашылып, отандық өнімге сұраныс артып келеді. Биоотын өндіретін ірі зауыттың құрылысы қолға алынды. Жаңа өндіріс орны ашылса, алтын жүзден астам адам жұмыспен қамтылады. Алдағы бес жылда тағы он жеті кәсіпорын салынбақ. «Nur Otan» партиясының арқасында ауылшаруашылығы өнімдерін экспортқа шығаратын инвестициялық трейдерлік компанияларды ығыстырдық. Соның арқасында ауылда жұмыс істейтін жастарға қолдау артты. Әкімшілік кедергілер азайып келеді дейді Умар Шоназаров. Халық денсаулығын жақсарту жолында жергілікті емдеу мекемелерін соңғы үлгідегі техникамен жарақтандыру, күрделі оталар жасау, ана мен бала денсаулығын бақылауға алу жұмыстары жүргізіліп жатыр деді кандидат Ерлан Аяғанов.  Халықпен бірге жасалған істердің нәтижелі болары анық. Биыл ақмолалықтар да, көкшетаулықтар да басымызға қиын іс түскенде, індет таралып, тоқырап қалғанда бірден шешім қабылдап, жалғызбасты қарияларға, тұрмысы төмен отбастарына, әлеуметтік аз қамтылғандарға қол ұшын созды. Соның арқасында ешкім қалыс қалған жоқ. Бұл игі істе еріктілер мен жомарт жандардың сүбелі үлесін ерекше атап өткен жөн.Алдағы уақытта да мұндай шарапаты мол шаралар жалғасын табады деді кандидаттар.

«Nur Otan» партиясы Көкшетау қалалық сайлау қорынан төленді.

 

Әрбір қазақстандықтың өмір сүру деңгейін жақсарту «Nur Otan» партиясының басым бағыттарының бірі

«Nur Otan» партиясынан Ақмола облыстық және Көкшетау қалалық мәслихаттарының депутаттығына кандидаттар «Тыныс» АҚ жұмысшыларымен кездесті, онда олар өздерінің сайлауалды бағдарламаларын жариялап, аймақтың даму перспективаларын талқылады.
Жиналысты Көкшетау қалалық «Nur Otan» партиясының сайлауалды штабының төрағасы Зәуреш Нұрымова ашып, жүргізіп праймериздің партияішілік сайлаудың нәтижелерімен таныстырды. Бүгінгі күні Ақмола облысынан облыстық мәслихатқа 10, қалалық мәслихатқа 25 және Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіне үш кандидат ұсынылды.


Депутаттыққа үміткер, «Камаз-Инжиниринг» АҚ-ның бас директоры Сергей Кистин аймақ кәсіпкерлерінің «Nur Otan» партиясының тікелей көмегімен мемлекет пен үкіметтен түрлі бағдарламалар түрінде қандай қолдау алатындығы туралы толығырақ тоқталды.

«Менің сайлауалды бағдарламам негізінен кәсіпорындардың мәселелерін шешуге негізделген. Менің ойымша, кез-келген кәсіпорынның табысты жұмыс істеуі үшін қажетті негізгі үш критерий – бұл дайындалған кадрлар, қол жетімді шикізат және озық технологиялар», – деп атап өтіп, ол бұл бағытты дамытып, облыстың өнеркәсіптік кәсіпорындарына барлық түрдегі көмек көрсетуді жоспарлап отырғанын айтты.

Спикер атап өткендей, пандемияның ең қиын жылында үкімет пен «Nur Otan» партиясының қатысуымен бизнесті қолдау бойынша ауқымды шаралар қабылданды. Бұл салықтарды кейінге қалдыру, қарыздар мен төлемдер бойынша және қарыздарды қайта қаржыландыру мүмкіндігі туралы еді.

«Мұның бәріне партияның қатысуымен қол жеткізіледі. Бірде-бір партия мұндай міндеттемелерді қабылдамайды және бизнес үшін «Nur Otan» партиясындай көп жұмыс жасамайды, – деп қосты С.Кистин.

30 жылдан астам уақытын білім беру саласына арнаған «Қазақстан агроинновациялық корпорациясы» ЖШС директорының орынбасары Талғат Жүнісов өзінің сайлауалды бағдарламасының бір бағыты – білім, ғылым және өндірісті интеграциялау туралы екенңін баяндады.

«Біз білікті адамдармен ғана жаңа инновация жасап, ғылымды дамыта аламыз. Бүгінгі таңда экономиканы көтеру үшін біз осы бағытпен жұмыс істеуіміз керек», – деп түсіндірді Т.Жүнісов.

Спикер жиналғандарға Елбасы Жолдауында айтылған талантты жастарды қолдау туралы мәселені еске салды. Мәселен, келер жылдан бастап жас ғалымдарға арналған гранттар бөлінеді.
Ш.Уәлиханов атындағы КМУ-дың проректоры сөз сөйлеп, праймериз кезінде «Nur Otan» партиясының сайлау алдынды бағдарламасын мұқият зерттегенін және бұл халықтың өмірін жақсарту бойынша нақты міндеттерді белгілейтін бағдарлама екенін түсінгенін атап өтті. Сондай-ақ, «Алдағы сайлауда «Nur Otan» партиясының жетекші орын алатынына ешкімнің күмәні жоқ шығар», – деп қосты спикер.
«Өрлеу» Ақмола біліктілікті арттыру институтының филиалы АҚ-ның директоры Нина Стукаленко студенттер де, оқытушылар да қиын жағдайға тап болған пандемия кезіндегі институттың жұмысы туралы мәлімдеді.

«Әрине, мені облыс орталығының тұрғыны ретінде білім беру проблемалары ғана мазаламайды, мен Көкшетау қаласының экономикалық тұрғыдан дамығанын қалаймын. Сондықтан, денсаулық сақтау саласының да дами түссе деймін. Біз бұл тұрғыда біргеміз. «Nur Otan» партиясы – бұл нақты істердің партиясы және мен оның бағдарламасының барлық тармақтарымен келісемін», – деп толықтырды Н.Стукаленко.

«Раисов» жеке кәсіпкерлігінің жетекшісі Айдин Раисов пандемия кезінде өзінің кәсібін қалай тоқтатуға мәжбүр болғанымен бөлісті. Осылайша, сол кезде «Nur Otan» партиясы халықтың әлеуметтік осал топтарына қандай көмек көрсеткенін еске түсірді. Ол көп балалы әке болғандықтан, бұл қиыншылық оған жақсы таныс болды. Карантиннің алғашқы толқыны кезінде партия көпбалалы отбасыларға 50 мың теңге бөліп, жалғызбасты зейнеткерлерге тегін тамақ үлестіргенін жеткізді.

«Партияның алдына қойылған барлық міндеттер орындалды. Енді біздің алдымызда жаңа міндеттер тұр, оларды дер кезінде аяқтау керек. Бұл сіз бен біздің қолымызда», – деп атап өтті А.Райсов.

Депутаттыққа кандидаттар жиналғандарды келе жатқан Тәуелсіздік күнімен құттықтап, «Nur Otan» партиясын таңдап, 10 қаңтарда сайлау учаскелеріне баруға шақырды.

«Nur Otan» партиясының Ақмола облыстық Сайлау қорынан төленген.

 

«Nur Otan » партиясы-еліміздің жетекші саяси күші

Егіндікөл аудандық мәслихатының «Nur Otan» партиясынан депутаттыққа Кандидат, агротехникалық колледжінің директоры Лариса Шевцова ауыл тұрғындарымен бірқатар кездесулер өткізіп, жастарға ерекше көңіл бөлді. Кездесу барысында партияның сайлауалды бағдарламасы айтылып, ауданның даму перспективалары талқыланды.
«Жастар-еліміздің болашағы. Ауданда 1240 жастар тұрады немесе аудан халқының жалпы санының 20%.

«Nur Otan» партиясы мен оның «Jas Otan» жастар қанаты жастарды жан-жақты қолдауды күшейтеді. 2025 жылға қарай біздің міндетіміз мемлекеттік органдармен бірлесіп, жастарды жұмыспен қамтамасыз ету, ауылдық жерлерге тарту және бекіту, олардың шығармашылық тұрғыдан өзін – өзі танытуы, оның әлеуетін дамыту үшін жағдай жасау», – деп атап өтті депутаттыққа кандидат.

Ол үшін біз: жыл сайын кемінде 20 жасты жұмысқа орналастыруға; «Жас кәсіпкер» бағдарламасы бойынша кемінде 20 адамды жыл сайын оқытуға; жыл сайын бір волонтерлік жобаны іске асыру арқылы волонтерлік қызмет желісін кеңейтуге; кемінде 50 адамды қамти отырып , қызықтыратын мәселелер бойынша жастарға кеңестер ұйымдастыруға жәрдемдесетін боламыз, бұл: тұрғын үй беру, жұмысқа орналастыру, кәсіпкерлікті дамыту бойынша кеңестер беру, заңгерлік, психологиялық көмек көрсету.
Нәтижесінде 2025 жылға қарай жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 3% – дан 2,5% – ға дейін төмендейді.

«Біз Сіздерді аудандық мәслихаттағы сайлауда» Nur Otan «партиясын қолдауға шақырамыз», – деді кездесуге қатысушыларға Л.Шевцова.

Партия бағдарламасы Егіндікөл ауданын кешенді дамытуға бағытталған, партия Егіндікөл ауданын әртараптандырылған, бәсекеге қабілетті экономикамен серпінді дамитын нақты шараларды ұсынады
және адамдардың жайлы өмір сүруіне арналған аумақ.

«Nur Otan партиясы Егіндікөл аудандық сайлау қорынан төленді.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img