spot_img
Бейсенбі, Қазан 8, 2026
10.2 C
Kokshetau

«Қауіпсіз үй»: Ақмола облысында «Заң және тәртіп» қағидаты аясында профилактикалық жұмыс күшейтілді

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысында «Қауіпсіз үй» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды. «Заң және тәртіп» қағидатын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шара аясында 5 қазаннан бастап полицейлер басқа қызметтердің өкілдерімен бірлесіп, есепте тұрған азаматтарға атаулы тексерулер жүргізіп, халықпен профилактикалық жұмысты күшейтуде.

Рейдтер өткізуге 360-тан астам адам тартылды. Мобильді топтардың құрамына жедел қызметтердің қызметкерлері, учаскелік полиция инспекторлары, көші-қон қызметінің, пробация қызметінің өкілдері, сондай-ақ қоғамдық көмекшілер мен еріктілер кірді.

Алғашқы күннің қорытындысы бойынша тұрғылықты жері бойынша 470-тен астам есепте тұрған азамат тексерілді. Олардың қатарында шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған, бұрын сотталған, отбасылық-тұрмыстық құқық бұзушылықтар жасаған, алкогольді теріс пайдаланатын, сондай-ақ қолайсыз отбасылар ретінде профилактикалық есепте тұрған адамдар бар.

Полицейлер тексерілген азаматтардың әрқайсысымен профилактикалық әңгімелер өткізіп, заңнама талаптарын түсіндірді. Алғашқы күннің қорытындысы бойынша екі құқық бұзушыға қатысты шартты түрде мерзімінен бұрын босатудың күшін жою туралы өтініштер жолданды.

Рейдтер барысында көші-қон заңнамасының 17 бұзушылығы және шетел азаматтарының өңір аумағында заңсыз болуының 9 фактісі анықталды.

Профилактикалық жұмыс тек есепте тұрған адамдарға қатысты ғана жүргізілмейді. Полицейлер әкімшілік учаскелердің тұрғындарымен кездесіп, олардың сұрақтарына жауап беріп, жеке және қоғамдық қауіпсіздік шараларын түсіндіруде. Бірінші күні халықпен 57 кездесу өткізіліп, оған 500-ден астам ақмолалық қатысты.

Іс-шара аясында азаматтық қару иелеріне де ерекше көңіл бөлінеді. Полицейлер қаруды сақтау мен пайдаланудың белгіленген талаптарының сақталуын тексеруде.

«Қауіпсіз үй» жедел-профилактикалық іс-шарасы 5 қарашаға дейін жалғасады. Оның негізгі міндеті — құқық бұзушылықтарды уақтылы анықтау, қайталама құқық бұзушылықтардың алдын алу және азаматтардың қауіпсіздік деңгейін арттыру.

Іс-шара «Заң және тәртіп» қағидатын нығайтуға, құқықтық мәдениетті арттыруға және қоғамдағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмола облысында қылмыс деңгейі төмендеді

Ақмола облысында жедел ахуал тұрақты сақталып, қылмыс деңгейінің төмендеу үрдісі байқалады. Өңірлік полиция департаментінің 2026 жылдың үшінші тоқсанындағы жұмыс...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика