spot_img
Сәрсенбі, Тамыз 19, 2026
17.2 C
Kokshetau

Интернеттегі сталкинг: назар қашан қудалауға айналады?

Сондай-ақ...оқыңыз

Жалған аккаунттар ашу, қайта-қайта хабарлама жазу, әлеуметтік желідегі белсенділікті бақылау және бұғатталғаннан кейін де байланыс орнатуға тырысу — бұл жай ғана мазалайтын әрекет емес, заңсыз қудалаудың белгісі болуы мүмкін.

Қазақстанда Қылмыстық кодекстің 115-1-бабында сталкинг үшін жауапкершілік көзделген. Яғни, адамның еркінен тыс онымен байланыс орнатуға немесе оны аңдуға бағытталған заңсыз әрі жүйелі әрекеттер, егер олар жәбірленушіге елеулі зиян келтірсе, құқықтық жауапкершілікке әкеп соғуы мүмкін.

Интернеттегі қудалау әртүрлі түрде көрініс табады: адам бұғатталғаннан кейін жаңа аккаунт ашып қайта жазады, әлеуметтік желідегі белсенділікті бақылап отырады, орналасқан жерін анықтауға тырысады немесе психологиялық қысым көрсетеді.

Бұл ретте *жалған аккаунттың болуы өздігінен сталкинг болып саналмайды*. Әрекеттің жүйелілігі, адамның қарым-қатынас жасаудан бас тартқанына қарамастан байланысты жалғастыруға тырысу және оның салдары ескеріледі.

Егер хабарламаларда қорқыту болса, жеке деректер таратылса немесе бөтен аккаунтқа заңсыз кіруге әрекет жасалса, мұндай әрекеттер басқа да заң нормалары бойынша жауапкершілікке әкеп соғуы мүмкін.

Не істеу керек?Хабарламалар мен басқа да дәлелдерді өшірмей, скриншоттарды, аккаунттарға сілтемелерді және хат алмасуды сақтау қажет. Қорқыту немесе жүйелі қудалау жағдайында құқық қорғау органдарына жүгінген жөн.

Жеке шекара тек өмірде ғана емес, интернетте де қорғалуы тиіс. Назар адамның еркіне қарсы бағытталып, қорқыныш пен қауіпсіздік сезімін бұза бастаған кезде, ол қудалауға айналуы мүмкін.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Қайтарылған активтер: Президент тапсырмасымен өңірлердегі 500 инфрақұрылымдық жобаға 610 млрд-тан астам теңге бағытталды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын орындау аясында Үкімет Бас прокуратурамен бірлесіп, елден заңсыз шығарылған активтерді қайтаруда. Қайтарылған қаражат халықтың аса...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика