spot_img
Дүйсенбі, Қыркүйек 21, 2026
12.2 C
Kokshetau

Құрылтай – ел болашағына ортақ жауапкершілік

Сондай-ақ...оқыңыз

Елімізде жүзеге асып жатқан саяси жаңғырулар қоғамның жаңа талаптарына жауап беретін басқару жүйесін қалыптастыруға бағытталған. Соның бірі – Құрылтай институтының енгізілуі. Менің ойымша, бұл – халықтың пікірін кеңінен ескеруге және азаматтардың қоғамдық-саяси үдерістерге қатысу мүмкіндігін арттыруға жасалған маңызды қадам.

Қазіргі қоғамда ашықтық, диалог және жауапкершілік ерекше маңызға ие. Сондықтан елдің дамуына қатысты маңызды мәселелерді түрлі көзқарас тұрғысынан талқылайтын алаңдардың болуы – уақыт талабы. Құрылтайдың басты ерекшелігі де – қоғамдағы өзекті мәселелерді көтеріп, оларды шешуге халық өкілдерінің қатысуына мүмкіндік беруінде.

23 тамызда өтетін Құрылтай сайлауы – азаматтық белсенділіктің көрінісі. Әрбір дауыс елдің болашағына деген жауапкершілікті білдіреді. Осындай маңызды саяси науқанда белсенділік таныту – әр азаматтың ортақ іске қосқан үлесі деп есептеймін.

Қазақстанның тұрақты дамуы тек мемлекеттік бастамалармен ғана емес, қоғамның қолдауымен де жүзеге асады. Сондықтан жаңа институттардың тиімді жұмыс істеуі азаматтардың сенімі мен қатысуына тікелей байланысты. Құрылтай осы сенімді нығайтып, мемлекет пен қоғам арасындағы өзара ықпалдастықты күшейтетін маңызды тетік болады деп сенемін.

Бастысы – әрқайсымыз ел тағдырына бейжай қарамай, маңызды шешімдер қабылданатын кезеңде өз таңдауымызды жасап, ортақ болашақ үшін жауапкершілік танытайық.
Ақмарал АЙҒАРА,
“Көкшетау” газетінің тілшісі.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Тазалық – ортақ жауапкершілік

Ақмола облысында Дүниежүзілік тазалық күніне орай ауқымды экологиялық акция өтті Ақмола облысының он мыңдаған тұрғыны Дүниежүзілік тазалық күніне (World...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика