spot_img
Дүйсенбі, Маусым 22, 2026
25.7 C
Kokshetau

400-ге жуық көкшетаулық Қазақстан Полициясы күніне арналған марафонға қатысты

Сондай-ақ...оқыңыз

20 маусым күні «Жаңа жағалауда» Қазақстан Полициясы күніне арналған спорттық мереке өтті. Жаппай жарысқа 400-ге жуық адам – полиция қызметкерлері, құқық қорғау органдарының өкілдері, кәсіби спортшылар мен жеңіл атлетиканы сүйетіндер қатысты. Іс-шара екінші жыл қатарынан өткізіліп келеді. Биылғы жылы марафон ішкі істер органдары жүйесінде «Арлан» спорт клубының ашылуына, сондай-ақ Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне арналды. Акцияның басты мақсаты – салауатты өмір салтын, дене белсенділігін насихаттау және есірткі құралдарын қолдануға теріс көзқарасты қалыптастыру. Сонымен қатар, марафон Мемлекет басшысы бастамашылық еткен «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын ілгерілетуге бағытталып, қоғамда заңға құрмет пен азаматтық жауапкершілік мәдениетін нығайтуға ықпал етті. Мерекеге қатысушылар мен қонақтар үшін бай бағдарлама дайындалды: концерттік қойылымдар, қызметтік автокөліктер көрмесі және арнайы техника көрсетілімі. Қатысушылар 5 шақырым қашықтыққа жүгірді. Марафон қатысушылары алдында Ақмола облысы полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Нұрсұлтан Мұқашев құттықтау сөз сөйледі. – Марафон полиция қызметкерлері мен спортшыларды ғана емес, өңір тұрғындарын да біріктірді. Сіздердің қатысуларыңыз денсаулық, спорт, белсенді өмір салты мен қоғамдық бірлік құндылықтарының қоғамда кеңінен қолдау табатынын көрсетеді, – деп атап өтті бірінші басшы. Жарыс алдында барлық қатысушылар үшін жалпы қыздыру жаттығулары өткізілді, содан кейін ведомство басшысы спорттық жарыстың басталуына ресми түрде белгі берді. Бес шақырымдық қашықтықты бағындырған қатысушылар көрермендердің қошеметіне бөленді. Әр марафоншыға естелік медаль табысталды. Полиция марафонының жеңімпазы «Мерген» дене мүмкіндіктері шектеулі адамдарға арналған спорт клубының тәрбиеленушісі Владислав Гришин болды. Жас спортшы қашықтықты 16 минутта еңсерді. Әйелдер арасында Көкшетау спортшысы Минура Иважанова үздік атанды. Жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне медальдар мен бағалы сыйлықтар табысталды. Ұйымдастырушылар марафонның ең жас қатысушысы Бауыржан Мырзагелдинді де арнайы атап өтті. Жарысқа қатысушы Әлішер Қайролла да көпшіліктің ерекше ықыласына бөленді. Ол – 2009 жылдың қыркүйегінде қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқан Еңбекшілдер АІІБ (қазіргі Біржан сал аудандық полиция бөлімі) қоғамдық қауіпсіздік бөлімінің учаскелік инспекторының ұлы. Әлішер марафонға қатысып, алған медалін әкесінің жарқын рухына арнады. Жарыс аяқталғаннан кейін мерекелік бағдарлама Полиция департаментінің вокалдық тобының өнерімен жалғасты. Іс-шараның әсерлі сәттерінің бірі арнайы жедел әрекет ету жасағы жауынгерлерінің жауынгерлік дайындық пен тактикалық шеберлік элементтерін көрсеткен көрме қойылымдары болды. Спорттық мереке қатысушылар арасында жүлделер ұтысымен аяқталды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, марафон Көкшетау тұрғындары үшін жарқын спорттық оқиға ғана емес, сонымен қатар өңір полициясының қоғаммен бірлігі, ашықтығы және өзара іс-қимылының символына айналды.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмола облысында вейптерді заңсыз сатумен айналысқан қылмыстық топтың қызметі тоқтатылды

Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті прокуратураның үйлестіруімен электрондық тұтыну жүйелерін (вейптерді), оларға арналған хош иістендіргіштер...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика