spot_img
Сенбі, Қараша 7, 2026
2.3 C
Kokshetau

Ақмола облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері талқыланды

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысы әкімінің бірінші орынбасары Елдос Рамазановтың төрағалығымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті. Оған аудандар мен қалалар әкімдіктерінің, облыстық басқармалардың, аумақтық департаменттердің және мемлекеттік ұйымдардың жетекші өкілдері қатысты.

Отырыста сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг қорытындылары, Ақмола облысы бойынша сот сараптамасы институты қызметін талдау нәтижелері, сондай-ақ «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» базалық бағытын іске асыру мәселелері қаралды.

«Мемлекет басшысы құқықтық мемлекет құру үшін бұл процеске қоғамды барынша тарта отырып, сыбайлас жемқорлықтың түпкілікті себептерін жою қажеттігін бірнеше рет атап өтті. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасаудың ықтимал қаупін анықтау мониторинг пен талдау арқылы жүзеге асырылады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың алға қойған міндеттерін іске асыруда әрбір мемлекеттік қызметшінің дербес жауапкершілігін түсіну қажет», – деп атап өтті Елдос Рамазанов.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Нұрқат Батырқұлов, Ақмола облысы бойынша сот сараптамасы институтының директоры Еркебұлан Мұқанов және облыс әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімінің басшысы Әсел Қызкенова баяндама жасады.

Отырыс қорытындысы бойынша жергілікті атқарушы органдарға сыбайлас жемқорлықтың алдын алуды күшейту, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау нәтижелері бойынша ұсынымдардың сапалы орындалуын қамтамасыз ету және іс-шаралардың іске асырылуын жандандыру тапсырылды.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚ КЕҢЕСІ ЖАСТАР ҚОЗҒАЛЫСЫН ҚҰРУДА: 126 ЖАС АЗАМАТ КЕҢЕС МҮШЕЛЕРІНІҢ СЕРІКТЕСІ АТАНАДЫ

Қазақстан Халық Кеңесінің Төрағасы Ерлан Қошанов Петропавл қаласында өткен «Ұлттың жаңа болмысы: жастар және азаматтық жауапкершілік» атты республикалық жастар...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика