spot_img
Бейсенбі, Тамыз 27, 2026
15.2 C
Kokshetau

Гастелло ауылында жаңа шамдар жанды

Сондай-ақ...оқыңыз

Жарқайың ауданына қарасты Гастелло ауылындағы Шоссейная көшесінде көшені жарықтандыру жұмыстары аяқталды. Биылғы жылдың ақпан айынан бастап дайындық жұмыстары жүргізіліп, 11 заманауи көше шамы іске қосылды. Жұмыстар жергілікті өзін-өзі басқару қаражаты есебінен жүзеге асырылды.

«Мен осы көшеде өмір бойы тұрып келемін, бұрын мұнда ешқашан жарық болған емес. Енді кешкі уақытта серуендеуге де, жұмыстан кейін үйге қайтуға да қауіпсіз әрі жайлы болды – бұл біз үшін үлкен өзгеріс», – дейді ауыл тұрғыны Бижамал Кубекова.

Айта кету керек, көшені жарықтандыру мәселесі ауыл тұрғындары тарапынан бірнеше рет көтерілген болатын. Жаңа шамдардың орнатылуы ауыл тұрғындары үшін қолайлы жағдай жасаудағы маңызды қадамдардың бірі болды.

«Біз ауылдың инфрақұрылымын жақсарту бағытындағы жұмыстарды жалғастырып, тұрғындар үшін маңызды мәселелерді кезең-кезеңімен шешуге тырысамыз. Шоссейная көшесіндегі жарықтандыру – азаматтардың қауіпсіз әрі жайлы өмір сүруіне жасалған маңызды қадам. Алдағы уақытта ауылдың басқа көшелерінде де осындай жұмыстарды жалғастыру жоспарланып отыр», – деді Гастелло ауылының әкімі Айгүл Сайдалина.

Шоссейная көшесі республикалық маңызы бар автожолдың бойында орналасқандықтан, көше шамдарының орнатылуы жаяу жүргіншілер мен жүргізушілер үшін де жол қозғалысының қауіпсіздігін арттыруға мүмкіндік берді.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Артық тәуекелсіз рентген

Рентгенологиялық зерттеулер заманауи диагностикада маңызды рөл атқарады. Олардың көмегімен дәрігерлер сынықтарды, өкпе ауруларын және басқа да патологиялық өзгерістерді жылдам...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика