spot_img
Сәрсенбі, Сәуір 29, 2026
21.2 C
Kokshetau

Ақмола облысында 760 сайлау учаскесі өз жұмысын бастады

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысында жаңа Конституция жобасы бойынша республикалық референдумға қатысу үшін 760 сайлау учаскесі жұмысын бастады.

Олардың 700-і азаматтардың тіркелген мекенжайы бойынша, ал 60-ы уақытша тұратын жерлерде орналасқан. Бұл әрбір облыс тұрғынына өз даусын беру және елдің болашағына үлес қосу мүмкіндігін береді.

Референдумға 511 183 адам қатысу құқығына ие. Бюллетеньдер 1%-дық (5112) көлемде, яғни 516 295 дана дайындалған. Сайлауды өткізу үшін барлық қажетті жағдайлар жасалды. Бүгін облыс бойынша мүгедектігі бар азаматтар үшін инватакси, сурдо аудармашылар қызмет ететін болады. Сайлау учаскелері мүгедектігі бар азаматтардың саны мен ерекшеліктерін ескере отырып жабдықталған.

Азаматтарды дауыс беру процесі мен қай жерде дауыс беруге болатындығы туралы ақпараттандыру үшін 20 call-орталығы жұмыс істейді, сондай-ақ 109 бірыңғай нөмірі бар. Облыс әкімдігінің ресми сайтында «Өзіңді тексер» онлайн-сервисі қолжетімді, ол сайлаушылар тізіміндегі деректеріңізді жылдам және ыңғайлы түрде білуге мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, «АқмолаСайлауБот» Telegram-боты жұмыс істейді, ол пайдаланушыларға референдум туралы барлық қажетті ақпаратты, соның ішінде сайлау учаскелерінің мекенжайлары мен жұмыс кестесін ұсынады.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Әр ауыл – экономикалық серпіннің негізі

Әр ауыл – жеке даму нүктесі. Бағдарламаның тиімділігі нақты елді мекендер мысалында анық көрінеді. Мәселен, Буланды ауданындағы Вознесенка ауылында бір мезгілде...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика