spot_img
Сәрсенбі, Сәуір 29, 2026
21.2 C
Kokshetau

Әділет министрлігі Ата заң күнін атап өту датасы қай жағдайда өзгеретінін түсіндірді

Сондай-ақ...оқыңыз

Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев елде Конституция күнін атап өту датасы қай жағдайда өзгеретінін түсіндірді.

Коллаж: Kazinform/ Canva
Жаңа Ата заң жобасында республикалық референдумда (15 наурыз) Конституция қабылданған күн мемлекеттік мереке — Қазақстан Республикасының Конституциясы күні деп жариялануы мүмкін екені аталып өткен. Бұл норма жаңа Конституция жобасының 94-бабында жазылған.

– Халық Ата заңның жаңа редакциясын қолдап дауыс берсе, онда 15 наурыз Конституция күні болады. Осыдан кейін бұған дейінгі дата – 30 тамыздағы мерекенің күші жойылады. Сондықтан 15 наурыздағы халықтың шешіміне қарай келесі қадамдар жасалады, – деді Е. Сәрсембаев Парламент Мәжілісінде тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Атап айтқанда, Мемлекет басшысы 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдум өткiзу туралы Жарлыққа қол қойды.

Жақында Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Конституция күнінің өзгеруіне қатысты пікір айтты.

 

https://kaz.inform.kz/news/adlet-ministrlg-ata-zan-kunn-atap-otu-datasi-kay-zhagdayda-ozgeretnn-tusndrd-5a4b94/

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Әр ауыл – экономикалық серпіннің негізі

Әр ауыл – жеке даму нүктесі. Бағдарламаның тиімділігі нақты елді мекендер мысалында анық көрінеді. Мәселен, Буланды ауданындағы Вознесенка ауылында бір мезгілде...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика