spot_img
Сенбі, Сәуір 4, 2026
17.2 C
Kokshetau

Көкшетауда майлы дақылдарды өңдейтін зауыт салу жоспарлануда

Сондай-ақ...оқыңыз

«Содружество Казахстан» ЖШС Көкшетау қаласында күнбағыс, рапс, соя және зығыр сияқты майлы дақылдардың тұқымдарын өңдейтін майды сығымдау зауытын салу бойынша инвестициялық жобаны іске қосады. Зауыт тәулігіне 3 мың тонна шикізатты өңдей алатын болады (жылына 1 млн тоннаға дейін), бұл оны өңдеу саласындағы аймақтағы ірі кәсіпорындардың біріне айналдырады. Жалпы инвестиция сомасы 76 млрд теңгені құрайды, ал зауыттың құрылуы 400 жаңа жұмыс орнын қамтамасыз етеді.
«Біздің зауыт майлы дақылдарды өңдеу нарығында негізгі ойыншы болады, аймаққа сапалы өсімдік майын және жанама өнімдер – шрот пен жмық, құс шаруашылығы саласына арналған жемді қамтамасыз етеді», – деді «Содружество Казахстан» ЖШС директоры Александр Самойлов.
Жобаны жүзеге асырудың болжамды мерзімі – 18-36 ай. Өндірістік кешен жылына 300 мың тонна өсімдік майы және 400-500 мың тонна шрот пен жмық өндіруге мүмкіндік береді.
«Біз жобаларды барынша толық және сапалы қолдауды қамтамасыз етуіміз керек, бұл аймақтың инвестициялық әлеуетін тиімді пайдалануға, жаңа жұмыс орындарын құруға, экономика өсіміне және азаматтарымыздың өмір сүру деңгейін жақсартуға мүмкіндік береді. Жобаларды жүзеге асырудың барлық кезеңінде, бастап концептуалды шешімдерденбастап құрылыс аяқталып, іске қосылғанға дейін қолдау қамтамасыз ету қажет», – деді өңір басшысы.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Олжас Бектенов Қазақстан машина жасаушыларының XIII форумына қатысты

Премьер-министр Олжас Бектенов Қазақстан машина жасаушыларының XIII форумының пленарлық отырысына қатысып, Kazakhstan Machinery Fair 2026 халықаралық мамандандырылған көрмесіндегі қазақстандық...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика